Қоғамдық көліктерді тексерді
Бүгін таңертең, жұмыс уақытына дейін қала әкімі Абат Шыныбеков Оралдағы бірнеше қоғамдық көліктерге отырып, жолаушы тасымалдау қызметінің сапасын тексеру жұмыстарын бақылады.
Айта кетейік, тұрғындар тарапынан №2, 5, 6, 7, 33 маршруттарға шағымдар жиі түседі. Шаһар басшысы алдымен осы аталған маршруттардың қызметін қадағалады. Жолаушы тасымалдайтын автобустардың санитарлық тазалығы сын көтермейді. Автобустарда әр аялдаманы хабарлау, жүргізушілердің көлікті айдау мәдениетінде олқылықтар көп. Тұрғындар тарапынан былтыр енгізілген жолақысын төлеудің электронды жүйесінің жұмысына қатысты сын-ескертпелер жиіледі. Шаһар басшысы маршруттарды тексеру барысында кейбір автобустарда QR-кодтың болмауы, планшеттердің дұрыс жасамауы сияқты кемшіліктерді анықтады. Қызмет көрсетуші «Smart Qala» ЖШС-ның электрондық жүйе туралы тұрғындар арасында хабарландырулар мен жарнамаларды тиісті деңгейде жүргізбейтінін атап өтті. Бұл жағдайлардың барлығы жолаушы тасымалдау сервисінің төмендеуіне, тиісінше тұрғындар тарапынан шағымдардың көбеюіне әкелуде.
Былтыр қалалық жолаушы тасымалдаушы кәсіпорындарға 2 миллиардтан астам субсидия төленді. Биыл аталған кәсіпорындарға 414 миллион субсидия берілді, алдағы мәслихат сессияларында тағы да қосымша қаражат қарастырылу жоспарлануда. Осы берілген субсидиялар тарапынан жолаушы тасымалдаушы кәсіпорындар қызмет сапасын жақсарту бағытында жұмыстар атқаруы қажет.
Қоғамдық көліктердегі мұндай рейдтік жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады.
Өз тілшіміз
«Жайық Үні»
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу