8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Маусым 2019 1632 0
Өзек

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕГІ ДАУ

Оралда тағы да қоғамдық көлікте дау шықты. Кеше №12 автобустағы екі жасөспірімді қоғамдық көлік бақылаушысы  жолақысын төлемегені үшін ұрып соққан. Бұл туралы ақпарат «Мой город» және «Жалбы уральск» әлеуметтік желілерін де жария болды. Осы орайда жауапты сала мамандары оқиғаның мән-жайын анықтауға тырысқан. Шынтуайтында оқиға қалай өрбігенін мамандар айтып берді.

 

Оқиға куәгерлерінің таратқан бейнежазбасына назар аударсақ, қос жасөспірімге көрсетіліп жатқан әлімжеттікті байқауға болады. Яғни №12 қоғамдық көлік жүргізушісі мен контролері жалақы төлемеген жасөспірімдерге күш көрсетуде. Осы бейнежазба жарияланғаннан-ақ тұрғындар арасында алып қашпа әңгіме желдей есті. Сала мамандары мәселенің мән-жайын анықтап, «Орал Авто Тарнс» ЖШС не тиіселі №12 қоғамдық көлік жүргізушісі мен контролерінен жауап алған. Қалалық жолаушылар көлігі және  автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айдар Меңеевтің айтуынша жасөспірімдер  түсқайта Юбилейная аялдамасынан Орталық базарға дейін келіп, қолдарында ақшалары болғанына қарамастан жолақы төлеуден бас тартқан. Сол себепті қоғамдық көлік иесі тәртіп сақшыларын шақырады. Осы арада түсініспеушілік туындайды.

– Екі жасөспірімнің қолдарында 1000 теңге ақшалары болған. Десе де олар діттеген жерлеріне келген соң, жолақы төлеуден бас тартқан. Көлік жүргізушісі полицияға хабарласады. Тәртіп сақшылары келгенше олар контролермен жаға жыртысады. Кейін оқиға ушығып кетпес үшін оларды автобус жүргізушісі жібере салады. Сонымен қатар олардың химиялық токсинді заттар пайдаланғыны да білініп, мүлкіп тұрған. Ал әлеуемттік желідегі тараған бейнеүзікті оқиғаның қалай өрбігені дұрыс баяндалмаған,– деді Айдар Қазбекұлы.

Тағы бір ескеретін жәйт қандай да бір ақпаратты желілерге таратпас бұрын оқиғаның мән жайна қанық болу керек дейді сала мамандары. Естеріңізге сала кетеміз қоғамдық көлікте осындай жағдай  жыл басында да орын алған болатын. Онда №2 қоғамдық көлік контралері мектеп оқушысын 40 теңгесі болмағын үшін қақаған аязда  түсіріп тастаған еді.

Айнұр ТӨЛЕУҒАЛИҚЫЗЫ,

сурет ашық дереккөздерден алынды 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
113 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
88 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»