«Неврологиялық өзгерістер, жүрек ақауы»: ҚАЗАҚСТАНДА ПОСТКОВИДТІ ПАНДЕМИЯ БОЛУЫ МҮМКІН

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ДСМ Ұлттық Фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиева ОКҚ өткен онлайн-брифингте екпе салдырғанша коронавируспен ауырған дұрыс емес пе деген сауалға жауап берді.
Журналистердің сөзінше, дәрігерлер коронавирус кезінде әртүрлі жанама асқынулар пайда болуы мүмкін екенін айтады. Соның ішінде жүрек-қан тамыр жүйесіндегі асқынулар. Осыған байланысты БАҚ өкілдері коронавирустан кейінгі кезең қалай болатынын сұрады. Ләззат Ералиеваның айтуынша, адамзатты постковидті пандемия күтіп тұр. «Адамзатты дәрігерлер коронавирус инфекциясының зардаптарымен бетпе-бет келетін постковидті пандемия күтіп тұр. Оның қандай салдары барын біз қазір білеміз – олар әртүрлі. Неврологиялық өзгерістер, жүрек ақауы жатады. Қазірдің өзінде COVID-19 көп жағдайда қатерлі ісік ауруларының дамуына түрткі болатыны белгілі», – деді.
Ол коронавируспен ауырып шыққан адамдарда шаршаңқылық, ұйқысыздық, түнде кенеттен үрейлену сияқты неврологиялық өзгерістер байқалатынын атап өтті. «Сол себепті екпе ектіргеннен гөрі ауырып шыққан дұрыс деп ойлау – мүлде қате пікір», – деді профессор.
Еске сала кетсек, Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жетекшісінің орынбасары Әсел Қалықова коронавирус пандемиясы жеті жылға созылады деген ақпаратқа пікір білдірген болатын. Оның сөзінше, пандемияның жеті жылға созылуы мүмкін емес.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу