8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2017 2930 0
Дені сау ұлт

Өнегелі дәрігер жолы немесе династиялық дәстүр туралы бірер сөз

Династия – бұл мамандықтың түрі емес, династия – бұл әулеттің имиджі, оның атағы мен даңқы. Династия – бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан белгілі бір мамандық иелерінің кәсіби шеберлігі десек те болғандай.

Біздің бүгінгі әңгімеміз дәрігерлік мамандықтың қыры мен сырын терең меңгерген және оны өз ұрпақтарының бойында қалыптастыра білген үлкен  азамат, облысымызға белгілі медик-хирург Рахметолла Ситтолдинұлы Ахметқалиев хақында болмақ. Кейіпкеріміздің  өмір жолына үңілсек, ол 1947 жылы 19 сәуірде Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы, Жаңақазан ауылында дүниеге келіпті. 1965 жылы Орал қаласындағы С.Сейфуллин  атындағы  қазақ орта мектебін бітірген соң өзге де замандастары сияқты арман қуып Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік медицина институтына түседі. Аталған оқу орнын  дәрігер мамандығы  бойынша  1971  жылы  бітіріп  шығады.

Кейінге көз жүгіртсек, бала Рахметолланың дәрігер болуға  құштарлығы  –  бала  кезден  басталған  екен. Облысымыздың Ақжайық ауданындағы Абай ауылында бастауыш мектепте оқып жүргенде Ресейден  жер ауып келген тәжірибесі мол, егде жастағы Пастухов деген орыс фельдшері жұмыс істеген. «Мен оқудан тыс уақытта сол  кісінің  қасынан  шықпаушы  едім. Осы жағдайдан кейін тек қана дәрігер  болуды  армандадым» – дейді  кейіпкеріміз  балалық  шағын еске  алып.

Рахаң  институтты  бітіргесін хирург мамандығын таңдайды. Еңбек жолы – жолдамамен Қазталов ауданынан басталады. 1971-76 жылдары сол ауданда дәрігер-хирург болып жұмыс жасайды. Осы жылдар оған көп қиыншылықпен  бірге мол тәжірибе жинауға да септігін тигізеді.  «Ол кезде ауданда хирург жалғыз мен болдым. Гинеколог дәрігері де болған жоқ. Аудан  қаладан  алыс болатын, ауруларға байланысты қиыншылықтар өте көп  болды. Шешімді  ешкімнің  көмегінсіз өзіме шығаруға тура келді» – дейді ол дәрігер мамандығының жауапкершілігі мен ауырлығы хақында. Тіпті бір жағдайда  қатты  науқастанған әйел  адамды  қозғауға болмайтынына байланысты  операцияны (отаны) шопан  ауылындағы  өзінің үйінде жасауға тура келіпті. «Ол адам, құдайға  шүкір, операциядан соң, құлан-таза  ауруынан  айығып  кетті»  дейді  Рахаң  сол  бір  шақты  еске  алып.

1976-1990 жылдары Р.Ахметқалиев Орал қаласындағы онкология диспансерінде әуелі онколог, содан соң хирургия бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс жасайды. «Әрине, онкология ауруы өте ауыр науқастар қатарына жатады. Операциялары да ауыр. Бірақ аудандағы жұмысқа қарағанда,  қалада жұмыс істеу жеңілдеу болды. Өйткені қиналғанда қол ұшын беретін, ақылдарын айтып отыратын ұстаздарым көп болды. Олар: Н.Невгод, Г.Гилманов, Ю.Макаев  және  Ю.Хван, тағы басқа.  Онкологияда бір кездері қызметтес болған, бүгінде еңбек етіп жүрген А.Пославский, Ю.Любавин сияқты әріптестеріме айтар  алғысым  көп» – дейді  кейіпкеріміз  аса  кішіпейілдікпен.

Дәрігер мамандығын әрқашан да жоғары бағалап, құрмет тұтатын Рахметола Ситтолдинұлының өз балаларына  болашақта өз кәсіптерін таңдауда ықпалы зор болды.  Әке мамандығын қастерлеп,  ата жолын  мақтан  тұтқан  Абзал  мен Гүлжан да  дәрігер мамандығын таңдайды. Олар да  мектеп  бітіріп, дәрігер болуды қалағасын Ахметқалиевтер отбасы 1990-1996 жылдары Ақтөбе қаласына көшіп барып, сонда қоныстанып, Рахаң өзі сондағы  облыстық онкология орталығында хирург-онколог жұмысын атқара жүріп,  балаларын  оқытады. Балалары Ақтөбе медициналық институтын тәмамдап, оқуларын бітіріп, қалаған мамандықтарын  игерген  соң  1996  жылы  қайтадан туған жерге оралып, Рахметолла Ситтолдинұлы  БҚО  ІІД  госпиталінде хирургия бөлімінің меңгерушісі  болып  қызмет етеді. Таңдаған  мамандығына  ешқашан  да кір  келтірмеген   ақ  халатты  абзал  жан  2010 жылы  зейнеткерлік демалысқа   шықты.
Алайда зейнеткерлікке шыққанымен, Рахаң  әлі де қызмет етуде. Өлкемізде дәрігер тапшылығын ескерсек, тәжірибелі маманға сұраныс азаймай отырғанын байқауға болады. Рахметолла Ахметқалиев  қазір  қаладағы «Талап» емханасында хирург, онколог-маммолог  жұмысын  атқарып келеді.  Қызы – Гүлжан Ахметқалиева  облыстық  онкология  диспансерінде  онколог болып жұмыс жасайды. Ұлы – Абзал Ахметқалиев  қалалық  емханалардың  бірінде дәрігер-уролог болса, ал келіні Айгүл дәрігер-терапевт. Әке жолын жалғастырушы  олар  дәрігер  мамандығына   қылау  түсірмей келеді.

Рахаңның  әулеті жайқалған бәйтерек тәрізді өз жемісін беруде.  Отбасы жағдайына келсек, зайыбы Тұрсын екеуінен тараған бір ұл, бір қыздан төрт немере, үш жиен сүйіп отыр. Бәрі де мектепте оқиды. «Менің  қазіргі негізгі жұмысым – сол жиендерім мен немерелерімнің  жағдайын жасау. Немерелерімді  мектептеріне апарып, алып  келу де – мен  үшін  үлкен  қызмет» – дейді ұрпақ қуанышы мен бақытына кенелген кейіпкеріміз мейірімді жүзбен. Болашақтарына үмітпен  қараған үшінші буын өкілдерінің ішінен де ата дәстүрін жалғастырар алғашқы өкіл де шықты. Ол тұңғыш немересі – Әйгерім. Әйгерім Рахметоллаева қазір Астана қаласындағы медициналық университеттің 2-курсында оқып  жүр.

«Адам жанының инженері» – Рахметолла  Ситтолдинұлының  көп жылдық еңбегі өз кезеңдерінде басшылық тарапынан ескеріліп отырды. Ол әлденеше рет ұжымдық, облыстық, республикалық мақтау қағаздарымен марапатталды. «Осы жетістіктерімнің барлығы үй ішіміздің ұйытқысы – балаларымның анасы, немерелерімнің сүйікті әжесі, зайыбым Тұрсынның еңбегі» – дейді Рахаң әйел затына деген үлкен құрметпен. Дос-жолдастары әзілдеп айтқандай   Ахметқалиевтер  отбасының  «главный  врачы»  – Тұрсын апамыз  да ұзақ жылдар сауда қызметінде істеп, қазір  зейнеткер, құрметті демалыста.

Дәрігерлік династияның дәстүрін дамытқан  әулет  жолы  кім-кімге  де  үлгі  боларлықтай. Бүгінгі күні мерейлі жасқа келіп отырған кейіпкерімізге және оның әулетіне  амандық  пен  бақытты  ғұмыр  тілейміз.

Зейнолла  Мүтитегі, 
Орал  қаласы        

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
21 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
241 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
734 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1111 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1051 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1472 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2089 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2256 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2262 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2311 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2317 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1965 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2796 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2849 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2845 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3455 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3427 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3413 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3391 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3555 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3601 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»