8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қазан 2018 1904 0
Қалалықтар қаперіне

«Нефтебаза» ауданындағы көпір жабылады

Қарашаның 1-інен бастап «Нефтебаза» ауданындағы осыдан қырық жыл бұрын салынған, қазір апатты жағдайда тұрған көпірдің демонтаждау жұмыстары басталады. Күні бүгінде көпірдің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, мердігер компания анықталған, енді ескі көпір толығымен бұзылып, орнына жаңа көпір пайда болады.  Жоба құны 5 млрд. теңгені құрайтын көпірдің құрылыс жұмыстары 2019, 2020, 2021 жылдарға жоспарланған. Бірақ жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес,  құрылысты екі жылда аяқтау көзделген. Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Мұқаев журналистермен өткен брифингте мәлімдеді.

–   Соңғы жылдары қалада ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде автомобиль жолдарын, көпірлерді, аула аумақтарын қайта құрылымдау, спорт алаңқайларын жабдықтау бойынша көптеген жұмыстар жасалды. Күні бүгінде 112 шақырымдық жол жөнделді. Екі жыл ішінде 49 аула абаттандырылды. 24 спорт алаңқайы салынды. Меценаттардың қаражаты есебінен 4 тынымбақ пайдалануға берілді. Мұндай кең көлемді жұмыстар келер жылы да жалғасын табатын болады.  Қазіргі таңда 80-нен аса көшенің 80 шақырымдық жолын жөндеу жоспарланды. Бұл жұмыстар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асады. Бүгінде шаһарымызда 330 мыңнан аса халық тұрады. 2000 жылмен салыстырғанда халық саны 120 мыңға артты. Сол жылдары қалада автокөлік құралдары 30 мыңның шамасында болса, қазір олардың саны 100 мыңнан асып отыр, яғни үш есе көбейген. Халық санының артуына орай жаңа шағынаудандар салынып, әлеуметтік нысандар  көптеп пайдалануға берілді. «Нефте база» ауданындағы көпір құрылысы жүргізілетінін тамыз айында хабарлаған болатынбыз,  – деді қала басшысы.

Мұрат Рахметұлының айтуынша,   Жаңа көпірдің ұзындығы 1 шақырымға жуық, яғни 988 метр болады, бұл Депо көпірімен салыстырғанда 600 метрге ұзын. Мұнда жаңа технологиялар қолданылады. Жер асты сыбайларының тереңдігі 20 метр, ал Депо көпірінің жер асты сыбайы 14 метр болған. Жұмысты қаржыландыру «ҚПО б.в.» компаниясының қаражаты есебінен қарастырылып отыр. Бас мердігер болып «КА-Строй ЛТД» ЖШС анықталған. Көпірдің ені 13 метрден  20 метрге кеңейтіліп, екі қозғалыс жолағы төрт жолаққа дейін ұлғаяды. Жаяу жүргіншілер жолы  бір метрден, 1,5 метрге ұзартылады. Жұмыстардың сапалы әрі уақытылы жүргізілуі қатаң қадалауда болады. Желілерді ауыстыру секілді техникалық сұрақтар бойынша жауапты монополияға қарсы мекемелермен келісімдер жасалған. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен  жаңа қоғамдық көлік қозғалысы жасақталыпты. – Биыл оң жақ бұрылыстарға ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргіздік.  Төрт оң жақ бұрылыстың үшеуі аяқталды.  2 Жұмысшылар ауданындағы 5 маңызды көше жөнделді. Қоғамдық көліктер осы көшелермен қатынайтын болады. Бұл мәселе ешқандай қиындық тудырмайды. Депо ауданындағы көпірді жөндеу кезіндегі тәжірибе көрсеткендей, аздаған қиындықтар туындағанымен, көпірді жаңарту маңызды, – дейді қала әкімі.

Қазір аталмыш аудандағы көпірге жақын маңда орналасқан үш үй тұрғындарының қауіпсіздігі үшін қожайындарымен келісімдер жүргізілуде. Оларды уақытша көшіруге 5 шағынаудандағы және Зашаған кентіндегі жаңа үйлерден пәтерлер дайын тұр.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
42 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
258 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
751 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1128 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1061 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1488 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2104 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2271 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2277 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2326 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2332 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1976 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2811 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2868 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2861 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3471 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3443 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3429 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3407 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3571 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3617 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»