НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ БІЛІМ АЛУ ҮШІН КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2021-2022 оқу жылынан Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сыныптарында білім алу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялады.

Карантиндік шектеулер кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және санитарлық талаптарды сақтау мақсатында ата-аналарға құжаттарды тапсыру үшін мектепке баратын күн мен уақытты алдын ала белгілеуге мүмкіндік беретін онлайн брондау сервисі жасалды. Қабылдау комиссиясына кезекті ura.nis.edu.kz сайты арқылы брондау қажет.
2022 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеудің кешенді тестілеу құрылымына қосымша «Жаратылыстану» бөлімін енгізу жоспарланып отыр. Сол себепті, 2021 жылы «Жаратылыстану» тестінің апробациясы өткізіледі. Конкурстық іріктеудің нәтижелерін статистикалық және психометриялық өңдеу кезінде апробацияның нәтижесі есептелмейді.
Құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 2 желтоқсанынан 2021 жылдың 23 қаңтары аралығында жүреді (мереке күндері: 2020 жылдың 16,17,31 желтоқсаны және 2021 жылдың 1,2,7 қаңтары). Үміткерлер қабылдау комиссиясына тапсыруы қажет құжаттар тізімін мектеп сайтының «Үміткерлерге» бөлімінен алуға болады.
Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу