21 Наурыз 2021 3091 0
ҚоғамНАУРЫЗ – ЖАҢА КҮН
20 наурыз күні Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Жастар мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне орай «Наурыз – жаңа күн» атты театрландырылған мерекелік онлайн концерт өтті.

Мерекелік шара Күн, Көктем, Қыдыр ата сияқты кейіпкерлері бар театрландырылған қойылымнан бастау алып, кейін мерекелік концертке ұласты.
Шараға Орал қаласының әкімі Абат Абайұлы Шыныбеков арнайы қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын көктемнің жарқын мерекесі Наурыз мейрамымен құттықтады.

Мерекелік онлайн концертте «Алаш» этно-фольклорлық ансамблі қазақтың әсем күйлерін нақышына келтіре орындаса, «Салтанат» би ансамблі көздің жауын алар ұлттық киімдерімен ырғала биледі.
Онлайн кештің сәнін «Әуен» ән үйірмесі, «Қарақат» мектеп-студиясы және «Терме» үйірмесінің оқушылары келтірсе, вокалды-аспаптар ансамблінің әншілері мерекелік әндерінен шашу шашты.

Айта кетейік, Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын тойлау бойынша мәдени көпшілік іс-шаралар жоспары жасақталған болатын. Алайда, эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймаққа енуіне байланысты жоспарланған барлық іс-шаралар онлайн режимде өткізілуде.

zhaikuni.kz
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
16 Наурыз 2026
62 0
Референдум2026
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
15 Наурыз 2026
77 0
Референдум2026
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
15 Наурыз 2026
80 0
Референдум2026
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
15 Наурыз 2026
78 0
Референдум2026
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
15 Наурыз 2026
83 0
Референдум2026
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
15 Наурыз 2026
83 0
Референдум2026
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
15 Наурыз 2026
106 0
Референдум2026
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
15 Наурыз 2026
110 0
Медицина
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
14 Наурыз 2026
104 0

Кіру
Пікір үстеу