8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Наурыз 2019 2193 0
Дені сау ұлт

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ ТАМАҚТАН УЛАНУДАН САҚТАНАЙЫҚ

    Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі қазақ халқының тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Қала аумағында қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алған қала халқының тұрғындары жиылған мерекелік шаралар жыл сайын атап өтілуде. Сонымен қатар мерекелік шаралар ұйымдастырылған орындарда қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, ұлттық тағамдарымен толтырылған  үлкен дастархан жайылып,  «Наурыз көже» ұсынылады. Алайда тағам дайындау технологиясы дұрыс сақталмаған, сату жағдайларында бұзушылықтар кездескен тағамдарды тұтыну кезінде адамның денсаулығына кері әсерін тигізетін әр түрлі тамақтан улану белең алуы мүмкін.

Осыған орай Орал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын сақтау мақсатында «Наурыз» мерекесін тойлау қарсаңында кәсіпкерлік субъектілеріне, қала тұрғындарына  ҚР ДСМ 2017 жылғы 31 мамырдағы №358 «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» бұйрығы негізінде тамақтан уланудың алдын алу шараларын орындау қажеттігін қаперге салады.

Сауда нүктелерінде өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) герметикалық қапталған консервіленген тамақ өнімдерін, өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) кондитерлік бұйымдарды, аспаздық (ет және балық, көкөніс, ұн) бұйымдарды, өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) жас және қайта өңделген саңырауқұлақтарды өткізуге және тұтынуға жол берілмейді. Тез бұзылатын тамақ өнімдері үшін тауардың ілеспе құжаттарында өнімдердің дайындалған уақыты және күні, сақтау температурасы және өткізудің соңғы мерзімі көрсетілуі тиіс.

Сонымен қатар, тағам өнімдерін сату кезінде төменде көрсетілген қағидаларды сақтау қажет:

  1. объектіні, іргелес аумақты таза ұстайды;
  2. тамақ өнімдерін қабылдауды және өткізуді оның қадағалануын қамтамасыз ететін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын тауарға ілеспе құжаттар бар болғанда жүзеге асырады;
  3. тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін, сақтау және өткізу жағдайларын сақтауды қамтамасыз етеді;
  4. тамақ өнімдерінің өткізу мерзімдері мен босату талаптарын сақтайды, босату кезінде сауда мүкәммалын пайдаланады;
  5. тамақ өнімдерін ластанудан қорғайды;
  6. таза арнайы киімді киеді;
  7. жеке гигиена қағидаларын сақтайды;
  8. өзімен бірге нормалау құжаттарында бекітілген нысан бойынша жеке медициналық кітапшасы болады.

Тамақ өнімдері қабылдау, сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде оның қадағалануын қамтамасыз ететін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын тауардың ілеспе құжаттарымен, сондай-ақ 021/2011 КО ТР талаптарына сәйкес сақтау, тасымалдау жағдайлары және сақтау мерзімі туралы ақпаратпен қоса жүруі тиіс. Тамақ өнімдерін сақтау, тасымалдау, өлшеп-орау және өткізу шикі тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттарды тұтынуға дайын тамақ өнімдерінен бөлек тасымалдауды, сақтауды, өлшеп-орауды қамтамасыз ете отырып, тауар көршілестігін сақтау арқылы оның ластануын болдырмайтын жағдайларда жүзеге асырылады.

Тез бұзылатын тамақ өнімдерін тасымалдау тасымалдаудың температуралық режимін қамтамасыз ететін, салқындатылатын, изотермиялық шанағы бар көлік құралдарында, рефрижераторларда жүргізіледі.

           Гүлдана Губайдуллиева, Орал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы маманы 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
74 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
145 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
375 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
858 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1236 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1141 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1595 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2211 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2376 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2383 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2434 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2438 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2056 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2918 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2972 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2966 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3579 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3547 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3538 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3514 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3674 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»