8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Ақпан 2020 1301 0
Өзек

НАУҚАС АУРУХАНАНЫ ӨРТЕДІ

Батыс Қазақстанда науқас аурухананы өртеп жіберді. Оқиға кеше Тасқала ауданында тіркелді.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, 17 ақпан күні сағат 5.41-де өрт сөндіру бөліміне Тасқала аудандық орталық ауруханасының екінші қабатында 8 палатаның өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. 42 жастағы науқастың төсенішке от қойып, өзі екінші қабаттың терезесінен секіріп, ізін суытқан. Өрттің ауданы 15 шаршы метрді құрады. Тілсіз жауға 06.16-да тосқауыл қойылған. Қызыл жалынды жоюға үш техника мен 11 өрт сөндіруші жұмылдырылған.

Осы орайда БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белгібеков құқық бұзған Тасқала ауылының 1978 жылғы тұрғынын құрықтап, облыс орталығындағы психиатриялық ауруханаға орналастырылғанын мәлімдеді. Тергеу амалдарын Тасқала Полиция бөлімі жүргізуде. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.

Айта кету керек, ауруханадан 20 адам, оның ішінде 4 бала, 8 медициналық қызметкер эвакуацияланған.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
61 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
114 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
89 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»