Наджаф Мирзага оглы Мамедов №16 округ депутаты
Н.М.Мамедов 1967 жылы 17 наурыз күні Әзірбайжан Республикасы Джалилабад ауданы Байханлы ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келген.
Орта мектепті бітірген соң, 1987-1993 жж. Қаратөбе ауданындағы Ақтайсай кеңшарында құрылысшы болып жұмыс істеді. 1993-1999 жж. Орал қ. РСУ кәсіпорнында құрылысшы болып жұмыс істейді.
2001 жылы РФ Астрахань қаласындағы әлемдік экономика және қаржы институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген.
1999-2001 жж. – Орал қ. «Мамедов» ЖК директоры.
2001-2003жж. – Орал қ. «Айдамирова» ЖК директорының м.а.
2003-2006 жж. – Ақсай қ. «БурлинГазСтрой» АҚ құрылыс жөніндегі шебері.
2006-2012 жж. – Орал қ. «ЮртҚұрылыс» ЖШС директорының орынбасары.
2012 жылдан бастап осы күнге дейін Орал қ. «Мамедов» ЖК директоры.
2012 жылы БҚО «Бірлік» этномәдени орталығының төрағасы болып тағайындалады. 2013 жылдан бастап республикалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі болып табылады. 2012 ж. «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл», 2015 ж. «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің грамотасымен және БҚО әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.
Үйленген, бес баласы бар.
Версия для печати
Пікір үстеу