ҰШАҚ БИЛЕТТЕРІ 9000 ТЕҢГЕДЕН: Қазақстандықтар үшін алты қалаға ұшу құнының жартысын мемлекет төлейді
2022 жылы Қазақстанның алты елді мекеніне, соның ішінде курорттық бағыттар бойынша субсидияланған рейстерді орындайтын әуе компаниялары белгілі болды. Бұл жайында азаматтық авиация комитеті мәлімдеді.
Тасымалдаушылар болып SCAT, Qazaq Air және «Оңтүстік аспаны» авиакомпаниялары тағайындалды.
«2022 жылы Республикалық бюджеттен субсидияланатын 23 әуе бағыты бойынша конкурс өткізілді, оның ішінде Түркістан қаласына 10 әуе бағыты, Көкшетау және Петропавл қалаларына 3 әуе бағыты, Балқаш, Үржар және Үшарал қалаларына екі әуе бағыты кіреді», – делінген мәлімдемеде.
Субсидияланатын авиамаршруттар коммерциялық пайдалану үшін кіріс деңгейін қамтамасыз етпейді, оның орнына өңірді дамыту үшін әлеуметтік маңызы бар әуе бағыттарына тұрақты ұшуларды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
SCAT, Qazaq Air және «Оңтүстік аспаны» әуе компаниялары 2022 жылы осы әуе бағыттарында рейстерді орындайтын тасымалдаушылар болып белгіленді. Әуе билеттерінің құны 9 бен 25 мың теңге аралығында болады.
https://stan.kz/25-min-tengeden-aspaydi-kazakstanda-6-bagit-boyinsha-su-357518/
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу