Н.АШЫҚОВА: «ЕҢБЕКСІЗ, ӘРЕКЕТСІЗ БЕРЕКЕТ БОЛМАЙДЫ»
Қазіргі әйелдердің қоғам мен отбасы алдындағы жауапкершілігі зор. Мұны қазақ әйелінің болмысына тән қасиет десе жарасатын сияқты. Бүгінгі күні нәзік жандар түрлі бизнеспен қатар қоғамдық жұмысын да ұршықша үйіріп отыр. Дәл осындай кәсіпкерлік саласындағы таудай талабы мен қарымды қайратын депутаттық мандатымен ұштастырып, өңірдің өркен жаюына сүбелі үлес қосып жүрген жанның бірі – Орал қалалық мәслихатының VII шақырылымының депутаты, «Ляззат» жеке кәсіпкерлігінің басшысы, «Жомарт жүрек – 2019» номинациясының иегері, «Жыл тұлғасы» атанған Нұргүл Ашықованың мехнат-машақаты мол кәсіпкерлік саласын дөңгелентіп отырғанына бақандай жиырма бес жылдың жүзі болыпты.

Кейінгі жылдары елімізде әйелдер қауымы кәсіпкерлік салада белсенділік танытып жүргенін айтуға тиіспіз. Кәсіпкер әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыру үшін әйел кәсіпкерлігін қолдау бойынша шаралар жүзеге асқаны белгілі. «Даму» қоры мамандары «Бизнес-кеңесші» бағдарламасының оқу курстарына қатысушылардың тең жартысын нәзік жандар құрайтынын айтады. Деректерге сүйенсек, бүгінде елімізде шағын және орта бизнесті шідерлеген әйелдердің үлесі 50 пайыздан асып отыр.
– Бүгінде шағын кәсіпкерліктің шаңырағын кеңейтіп, ірі бизнеске қадам бастық, соның өзі өңір экономикасына қосқан сүбелі үлесіміз болмақ. Бұл салада тәжірибем де жетерлік. Дегенмен, қазіргі таңда кәсіпкер азулы бәсекелестікке төтеп бере алатындай мықты болуы керек. Сол себепті ірі мұздатқыш камераларын алдық. Бұрын ірі жүк машиналарын жалдайтын болсақ, қазір жүк тасымалдауды да қолға алдық. Сонда тек көкөніс сату емес, оны қысы-жазы сақтайтын қойма, мұздатқыштар, жүк тасымалымен де айналысып, бәсекеге қабілеттілігімізді арттырудамыз. Өткен күндерге көз жүгіртсем, айырмашылық жер мен көктей. Қазір әр минутым санаулы, қарап отыруға уақыт жоқ, – дейді кейіпкеріміз.
Күні бүгінде Нұргүлдің «Ляззат» жеке кәсіпкерлігі көкөніс өнімдерін сақтаумен қатар көтерме сауда жұмыстарын да атқарады. Сондай-ақ депутаттыққа сайлана сала сайлаушыларымен етене араласып, белсенді жұмысқа кіріскен халық қалаулысының болашақ жоспарлары да айқын.
«Кәсібімді киім-кешек сатудан бастадым»
Нұргүл Әжібайқызы 1972 жылы Батыс Қазақстан өңіріндегі Қаратөбе ауданына қарасты Саралжын ауылында дүниеге келіпті. Әкесі Әжібай Ашықұлы мен анасы Мазмура Сәдепқызы он баланы дүниеге әкеліп, бағып-қағып, тәрбие беріп, оқытып, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырды. Өкінішке орай, асқар тау әкесі 1995 жылы жүрек талмасынан көз жұмады. Ал бүгінде сексеннің сеңгіріне жақындаған анасы киелі қарашаңырақтың ұйытқысы болып отыр.
– Әкем біз ес білгелі «Саралжын» кеңшарында қойма меңгерушісі болып қызмет етті. Өзі қоймадағы қауырт жұмыстың ортасында жүріп, бізді де еңбекке ерте араластырды. Доп қуып, бос жүретін уақытым мүлде болмапты. Ешкімнің ала жібін аттамай, адал еңбек еткен адам ғана еңбегінің жемісін, жеңісін көретінін кішкентайымыздан санамызға түйді. Менің сауда саласына деген қызығушылығым сол кезден басталған болатын. Кейін орта мектепті тәмәмдағаннан кейін Орал қаласына кооперативтік техникумға есепші мамандығына оқуға түстім. Оқуды бітірген соң қаладағы азық-түлік дүкендерінің біріне сатушы болып жұмысқа орналастым. Елде нарық заманы орнай бастаған тұста базарға сауда жасауға шыққан алғашқылардың бірі болып, өз кәсібімді киім-кешек сатудан бастадым. Тауарды Алматыдан тасымалдап, Оралдағы орталық базарға шығарып сататынмын. Кейін еліміздің оңтүстігінен үлкен көлемде көкөніс, жеміс-жидек тасып, көтерме саудамен айналысуға көштім. Көкөністің ішінде картоп, сәбіз, пияз халықтың күнделікті тұтынатын өнімдері. Сол себепті баға тұрақтылығын сақтау үшін үздіксіз тұтынушыларға жеткізіп отыруымыз керек. Осы бағытта үлкен шаруа атқарып жатырмыз деп ойлаймын. Осылайша кәсібімді кеңейте келе, бүгінде қала маңынан көкөніс сақтайтын үлкен қойма салып, 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған жайым бар. Еңбекақылары уақытылы беріледі, ешкімнің адал еңбегін жеген емеспін, – дейді ол…
Толығырақ «Жайық үні-Жизнь города» газетінің 2021 жылғы 20 мамырдағы №19 санынан оқи аласыздар.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру

Пікір үстеу