МУЗЕЙДЕ ПРОКУРОРЛАРҒА АРНАЛҒАН БҰРЫШ АШЫЛДЫ
Батыс Қазақстан облысы Қазталов аудандық тарихи-өлкетану мұражайында осы өңірде дүниеге келген прокуратура органдарының қызметкерлеріне арналған бұрыш ашылды.

Шараға облыс прокуроры Жандос Өмірәлиев, прокуратура органдарының ардагерлері Жеңіс Қапезов, Ғинаят Салықов, Бақытжан Сарбасов және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Осы бұрышта өткеннен сыр шертетін естелік суреттер, өмірбаяндар, құнды құжаттар және Мұқатып Әжхановтың бюсті орнатылған.
Мұқатып Әжханов 1943 жылы Қазталов орта мектебін бітірген соң, майданға аттанған. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін 38 жыл прокуратура органдарында, атап айтсақ Жәнібек, Чапаев аудандарының прокуроры, ал 1971-1978 жылдары Орал облысы прокурорының қызметін атқарған. Жұмыстағы жетістіктері және заңдылықты нығайту ісіне қосқан жеке үлесі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Мұқатып Әжхановқа 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісінің шені берілген.
Шарада Қазталов ауданынан шыққан прокуратура қызметкерлері Ғинаят Салықов, Тілепберген Әділов, Абжай Садиев, Исқали Мұқанов, Жағылтай Искиндировалардың еңбектері мен заң саласына қосқан үлестері мақтанышпен айтылды. Прокуратура ардагерлерінің ерен еңбектері жөнінде кең ауқымды фактілер, материалдар мен экспонаттар жиналған.

«Ер есімі ел есінде» деп халқымыз айтқандай, біздің мақсатымыз батырларымыздың ерлігін, өлкеміздің тарихи, мәдени құндылықтарын көзіміздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа жеткізу.
Бауыржан Ахметжан, БҚО прокуратурасының ресми өкілі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу