Мотоциклшіні мерт қылды
10 сәуір күні кешкісін Бәйтерек ауданы орталығы Переметный кентінде жол көлік оқиғасы орын алып бір адам қаза тапты.
Шамамен сағат 19.30-да 1997 жылы туған жүргізуші «Volkswagen Passat» автокөлігімен келе жатып, Гагарин көшесі 92-үйдің қарама-қарсы бетінде бұрылу кезінде «Suzuki» мотоцикліне жол бермеген. Соның салдарынан мотоциклді тізгіндеген 35 жастағы жүргізушіні қағып кетті.
Мотоциклші оқиға орнында жан тапсырды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Айнара ИСА
Версия для печати
Пікір үстеу