«МОСКОВСКИЙ» БАЗАРЫНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ ЖАСАУ ОРНЫ АШЫЛДЫ
Оралдағы «Московский» базарында коронавирустық инфекцияға қарсы екпе жасау кабинеті жұмыс жасай бастады. Бұл – облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен аталмыш базар әкімшілігінің бірлескен бастамасы негізінде ұйымдастырылып отыр. Базар әкімшілігі ұсынған орын-жай тегін әрі санитарлық талаптарға сай. Екпе жасау бөлмесі таңертеңгі 9.00-ден бастап, кешкі 19.00-ге дейін жұмыс жасайды.
– Біз ұсынған орын медицина мамандарын қанағаттандырды. Біздің базардағы бутиктерді 600-ден астам кәсіпкер жалға алып отыр. Сондай-ақ олардың саудагерлері де бар. Оған қоса сауда жасауға келетін тұрғындар да осы жерден вакцина алады деп ойлаймыз, – дейді базар әкімгері Елена Кармиева.
Орта есеппен күніге 2000-3000 тұрғын базарға келеді екен. Сондықтан халық көп жиналатын орында әр адам өзі денсаулығының қамын жасауы маңызды. Осыны ескерген базар жұмысшылары мен бутиктерді жалға алушылар алғашқы күннен-ақ вакцина алуды бастады. Алдымен терапевт-дәрігердің тексерісінен өтіп, денсаулық жағдайы туралы сауалнама жүргізілді. Мұнда №3 қалалық емхананың медициналық бригадасы жұмыстануда.
– Пациенттің қан қысымын өлшеп, вирустық инфекция белгілерінің бар-жоғын тексереміз. Оттегінің мөлшерін анықтаймыз. Екі түрлі вакцина қолданылуда. Егер пациент «Спутник V» вакцинасымен егілуді таңдаса, бес пациенттік топ жиналуы тиіс. Ал егер арабиялық «Hayat Vax» вакцинасы болса, күтудің қажеті жоқ, бірден екпе жасалады. Екінші компоненті 21-інші күннен 90 күнге дейінгі аралықта жасалады, – дейді дәрігер Оксана Чабан.
Дәрігер маман адамдардың барлық санатына екпе алуды ұсынады. Әсіресе, артериалды қан қысымы, жүрек ауруымен ауыратындар, созылмалы аурулары бар, соның ішінде қант диабетімен ауыратындарға вакцина алу қажет. Өйткені олар коронавирустық инфекцияны жұқтырған жағдайда ауыр өткеретіндердің қатарында.
Жалпы бүгінге дейін 57 444 облыс тұрғыны індетке қарсы екпенің бірінші компонентін алған. Олардың ішінде 21 947-сі толық курсын қабылдағандар.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу