Модульдік оқу: Батыс Қазақстан облысында «AMANAT» партиясының белсенділері өз құзыреттерін дамытуда
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен функционалдық құзыреттерді дамытуға арналған үш күндік модульдік оқу жұмысы басталды. Оған жалпы саны 110 адам қатысып, біліктілігін арттыруда.
Айта кетейік, бұған дейін «AMANAT» партиясы саяси ұйымның кадрлық активінің функционалдық құзыреттерін дамытуға бағытталған жаңа жобаны қолға алған болатын. Жоба жергілікті жерлерде кәсіби әрі тиімді басқарушы буынды қалыптастыруды көздейді.Мұндағы басты мақсат – өңірлердегі өзекті мәселелерді жедел шешуге, азаматтармен ашық әрі сындарлы диалог орнатуға қабілетті жаңа форматтағы басқарушы кадрлар корпусын қалыптастыру.
Өз кезегінде, «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Мұрат Мұқаев модульдік оқу жұмысының мәні мен маңызына тоқталды.
«Оқу курсына барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері және бастауыш партия ұйымдарының белсенділері қатысуда. Алдағы уақытта олар тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнату негіздерін жетілдіреді. Сондай-ақ осы оқу барысында жаңа тақырыптарды меңгеруге де мүмкіндік жасалуда», – деді ол.
Осылайша, Саяси менеджмент академиясының мамандары, кәсіби лекторлары дәріс оқып, қатысушылардың функционалдық құзыретіндамытуға және біліктілігін арттыруға күш салуда.
Осы орайда, «AMANAT» партиясының Ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департаментідиректорының орынбасары Жандос Қалтаев оқу жұмысы барысында теория мен тәжірибеге айрықша мән берілетінін мәлімдеді.
«Оқу барысында тек теориялық материалдармен шектелмей, тәжірибеге негізделген ұтымды тәсілдер туралы айтамыз. Тұрғындармен, сайлаушылармен жүйелі әрі тиімді жұмыс істеу, өңірдің әл-ауқатын арттыру, аймақтардағы проблемаларды шешу мәселелеріне баса назар аударылады», – деді ол.
Бұл ретте, Тасқала аудандық мәслихатының төрағасы, «AMANAT» партиясының мүшесіЖанар Бисенғалиева модульдік оқу жұмысытақырыптарына тоқталды.
«Бүгін «AMANAT» партиясы ұйымдастырған оқу жұмысына қатысып отырмыз. Аудандық мәслихат депутаттары ретінде «Жеке көшбасшылық және құндылық бағдарлары» және «Өңірлік дамуды басқару» тақырыптарын қамтыған модульдерде біліктілігімізді арттырып жатырмыз. Бұл – аудан аумағында, ауылдық округтермен жұмыс істеу барысында қолдануға мүмкіндік беретін маңызды тақырыптар. Оқудың алғашқы күні мазмұнды мағлұматтар алдық», –деді ол.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру






