Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың артықшылығы
Адам тағдыр сені ауыр сырқатпен сезінген кезде бірден дәрігерлердің жұмысын бағалап қана қоймай, алғашқы буын – емханалық қызмет шеңберінде және МӘМС – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде азаматтарға медициналық көмек көрсету үшін біздің мемлекетте қандай жүйе құрылғанын сезіне бастайсың, көмекті уақытында алу, медицина қызметкерлерінен қолдау сөздерін есту, қазіргі заманғы денсаулық сақтау жүйесі ұсынатын барлық мүмкіндіктерді пайдалану қаншалықты маңызды.
Орал қаласының тұрғыны, зейнеткер К.Т.Қалташбаев жүрек тұсында қатты ауырғанын сезіп, Орал қаласының №1 Қалалық емханасына өзінің №25 учаскелік дәрігеріне жүгінді.
Жалпы практика дәрігері Ж.К.Карисова барлық қажетті талдауларды, барлық қажетті тексерулерді бірден тағайындап, содан кейін алғашқы тексеру қорытындылары бойынша емхананың кардиолог дәрігеріне қабылдауға жолдаған.
Тексеру қорытындысы бойынша емхана дәрігерлері нақты диагноз қойып, барлық қажетті құжаттарды рәсімдеп, талдаулар мен тексерулердің толық жиынтығымен облыстық кардиоорталыққа емдеуге жатқызуға жіберді.
Облыстық кардиологиялық орталықта К.Т.Қалташбаев МӘМС жүйесінде сақтандырылған тұлға ретінде сапалы медициналық көмектін толық көлемінде алды. Кардиоорталықтың жоғары кәсіби дәрігерлері оған ауруды жеңуге көмектесіп, оған 21 наурызда жүрек тамырларын стенттеу отасын жасады. Бүгінгі күні науқас қалпына келіп, туыстары мен жақындарының ортасында өмір сүреді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу