МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША 14 ТҮРЛІ ӨНІМНЕН СӘЙКЕССІЗДІК АНЫҚТАЛДЫ
Халық тұтынатын тауарлардың сапасына мониторинг жүргізу шеңберінде 5 ай ішінде сауда объектілерінен сараптама жүргізу үшін «ҰТО» облыстық филиалы 1564 өнім үлгісін алып, зерттеу жүргізді. Батыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ринат Құбатаевтың мәліметінше, зерттеу нәтижесінде 14 сынаманың микробиологиялық көрсеткіштері талапқа сай келмейтіні анықталған.

Зерттелген өнімдердің 1094 сынамасы (70 %) тамақ өнімдері болса, 470 сынамасы (30 %) өнеркәсіптік топтың тауарлары. Сараптама нәтижесінде іріктелген өнім үлгілерінен 294-і Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес болмаған. Іріктелген 1094 азық-түлік өнімдерінің үлгілерінің 130 сынамада сәйкессіздік анықталған. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша өнімдердің 10,7 пайызында (14 сынама) сәйкессіздіктер анықталды.
– Талапқа сәйкес келмейтін өнімдер аудан орталықтарында да, Орал қаласында да табылды. 52,5 келі өнім алынып, жойылды. 5 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, бұзушылықтарды жою туралы 72 ұйғарым берілді. 404 000 теңге сомасына айыппұл салынды, – деді Ринат Әминұлы.
Департамент басшысының баяндауынша, Орал қаласындағы «Антипов С. В» ЖК -ның «Алтын » дүкенінен сатып алынған «Турбаслы бройлер Филе», «Старкова М. А» ЖК-ның «Лилия» дүкенінен сатып алынған «Мұздатылған халық тұшпаралары», «Силантьева О. А.» ЖК -ның «Гастроном»дүкенінен алынған «І сортты Рипус тауық бройлері денесі», «Идеал Маркет» ЖШС «Лидер» дүкенінен алынған «Колбаса полукопченая «Краковская», Тасқала ауданындағы Тасқала ауылы «Мусенова А. Т.» ЖК-ның «Айгүл» дүкенінен алынған «Пельмени говяжьи» өнімдерінен микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік анықталған.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу