8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Желтоқсан 2019 2216 0
Қоғам

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Жастар мәдениет үйінде «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты мерекелік салтанатты жиын өтті. Қала әкімі Абат Шыныбеков ел тәуелсіздігінің 28 жылдығымен қалалықтарды құттықтап, елеулі еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарға Құрмет грамоталары мен алғыс хат табыстады.

 

Салтанатты шара қазақтың ұлы ойшылардары Әбу Насыр Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы, Жұбан Молдағалиев, Қадыр Мырза Әлінің ұлағатты ойлары, өнегелі өлеңдерінен дайындалған театрландырылған қойылыммен ашылып, «Алаш» этно-фольклорлық ансамблінің орындауындағы «Қандағы қасиет» шығармасымен жалғасты.

Тәуелсіздік мерекесіне орай қала әкімі Абат Абайұлы құттықтау сөз сөйлеп, бұл күннің тарихы терең, маңызды мейрам екенін атады.

– 16 желтоқсан тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына тәуелсіз ел болған күні. Тәуелсіздіктің арайлы  ақ таңы атқан ширек ғасырдан астам уақыттың ішінде елімізді күллі әлем танып, мойындаған еңселі мемлекетке айналды. Еліміздің жеткен жетістігі мен шыққан биігі бірлігіміз бен тұтастығымыздың беріктігін айғақтайтыны айқын дәлел. Сондықтан бұл мереке тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп келе жатқан мемлекетіміз үшін маңызы зор, тағылымы терең мейрам. Ел егемендігінің орныға түсуі, ұлттың қауіпсіздігі, халқымыздың өз болашағына берік сенімі, өркениетті қауымдастықта іргелі елге айналуы Елбасымыздың парасатты саясатының нәтижесі. 2019 жыл – Қазақстан үшін  тарихи маңызы зор жыл. Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміз егемендік алғаннан бастап, ел тізгінін ұстап, биылғы жылдың наурызында өз өкілеттігін тоқтатты. Мемлекет басшысы болып, демократиялы жолмен, халқымыздың қалауымен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайланды. Тәуелсіздігіміз бастау алған кезеңнен ел басқарған Нұрсұлтан Назарбаев қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған азаттығының баянды болуына бар күш-жігерін арнады. Елдің даму стратегиясы мен ұлттық мүдде алдындағы жоба-жоспарлар «Мәңгілік ел» мұратын негіз етті, – деген Абат Абайұлы бұдан әрі ағымдағы жылы қаламызда жасалған игі жұмыстарға тоқталды, – Биыл біз 53 млрд. теңге бюджетпен жылды тәмамдап отырмыз. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 28 пайызға көп. Биыл халықаралық әуежай терминалын қайта құру жұмысы басталды.  Ол әуе логистикасы мен іскерлік байланыстың дамуына оң ықпалын тигізері анық. Омега көпірін қайта құру жұмысы да жалғасуда. Қазір жұмыс 75-80 пайызға орындалды. Көпір құрылысы 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ биыл 20 шақты көшенің жолы жасалды, 10 шақты аула абаттандырылды. Бірер күнде спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернат кешені ашылады.  Заманауи спорттық және ойын алаңдары тапсырылады. Бұл жұмыстар келер жылы да жалғасады. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 123 мың шаршы метрлік тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Қыркүйекте кезекте тұрған 200-ден аса оралдық өз пәтерлерінің кілтін алды. Алдағы жылы да 600-ге жуық пәтердің есігі айқара ашылып, тағы  81 мың шаршы метрлік тұрғын үй құрылысы жалғасады. Елбасымыздың бастауымен 2019 жыл – Жастар жылы болып жарияланып, жаңалығы мен жақсылығы мол жылды еңсердік. Бірнеше күн бұрын Мемлекет басшысы осы айтулы жылды қорытындылап, келер жылды Волонтерлар жылы деп жариялады. 2020 жыл маңызды  даталар жылы болмақ – Конституциямыздың және Ассамблеяның 25 жылдығы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы. Сонымен қатар Ұлы Абайдың 175, Жұбан Молдағалиевтің 100, Қадыр Мырзалиевтің 85 жылдық мерейтойларына дайындық шаралары басталды. Алдымызда үлкен міндеттер мен ауқымды жұмыстар тұр. Осының бәрін бірлік пен татулықтың, достықтың арқасында бірге еңсереміз деп сенемін. Ата-бабамыз Тәуелсіздік үшін күрессе, біз үшін оны нығайту – парыз,  – деді Абат Абайұлы.

Мерекеге орай Орал қаласы мәслихатының хатшысы Аққали Әубекеров ҚР Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хатымен, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хатымен, қалалық мәслихат депутаты, Жоғары аграрлық-техникалық колледж директоры Серік Мұхамбетәлиев ҚР мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.

«Орал трансформаторлық зауыты» ЖШС, «СКФ Отделстрой» ЖШС, «Аяз» ЖШС, «Жайық таза қала» ЖШС сынды өндіріс орындары мен ұйымдар және қаланың қоғамдық-саяси жұмыстарында белсенділік танытып жүрген Әлия Сәлиева, Валерий Власов, Серік Давлетов сынды азаматтар Батыс Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, Орал қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы-бас бухгалтері Нұргүл Валиева, Орал қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Төлегенова, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік  қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығының директоры Құрманғали Байғаржанов облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Әленғали Кереев, Лидия Овчинникова, Тілекқабыл Сағыновтай зейнеткерлер мен бірқатар еңбек адамдарына қала әкімінің Құрмет грамотасы мен алғыс хаты берілді. Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау саласының өкілдері, педагогтар, коммуналдық сала мамандары бар.

Сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасында өткен футзалдан облыстық чемпионатта және ҚР Тәуелсіздігі күніне орай Мемлекеттік қызметшілер арасында БҚО әкімінің Кубогы үшін ұйымдастрылған волейбол жарысында бірінші орын иемденген қала әкімдігінің қос командасына шаһар басшысының құттықтау хаты табысталды.

Мереке Жастар Мәдениет үй өнерпаздары мен жас өрендер ұсынған концерттік бағдарламамен жалғасты.

Эльмира НҰҒМАНОВА

«Жайық үні»

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
179 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
201 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
464 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
943 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1321 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1197 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1679 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2297 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2461 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2469 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2521 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2524 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2112 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3002 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3056 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3049 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3666 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3632 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3622 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3597 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3758 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»