«Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсының қалалық кезеңі өтеді
Өнегелі құндылықтарды және отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға қалыптастыру, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес, ағымдағы жылғы маусым айында «Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсының қалалық кезеңі өтеді.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер Орал қаласының ішкі саясат бөлімінде 2024 ж. 15 мамырдан 15 маусымға дейін қабылданады.
Байқауға қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік жоғары жетістіктері бар отбасылар жіберіледі.Конкурс барысында үміткер өз отбасының ерекшеліктерін, отбасылық құндылықтарын құжаттар арқылы ашып көрсетуіне толық мүмкіндігі бар.
Конкурсты өткізу қағидаларымен танысу және конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2024жылы 15 мамырдан 15 маусым күніне дейін келесі мекен жай бойынша жүргізіледі: БҚО, Орал қаласы,Н.Назарбаев даңғылы, 182/1, 315кабинет, тел. 51-50-20, 51-15-71
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу
ҚАҒИДАЛАРЫ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – конкурс) адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурс осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімдерде жарияланады және «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына сәйкес Отбасы күніне орай қорытындыланады.
Конкурсты өткізудің мақсаттары:
1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
2. Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.
3. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.
4. Мыналар:
1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
2-тарау. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі
5. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, жергілікті атқарушы органдар конкурсты ұйымдастырушылар болып табылады.
6. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мүдделі мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар және қоғам қайраткерлері арасынан конкурсты дайындау және өткізу жұмыстарын үйлестіру жөніндегі ұйымдастыру комитетін (бұдан әрі – ұйымдастыру комитеті) құрады.
Ұйымдастыру комитетінің міндеттеріне мыналар жатады:
1) конкурстың басталуы туралы көпшілікке жариялау;
2) конкурстың имидждік жарнамалық науқанын бекіту;
3) конкурстың барлық кезеңдеріне дайындықты және өткізуді үйлестіру;
4) конкурсты өткізудің барлық кезеңдерін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
5) өңірлердегі конкурстың іріктеу айналымдарын өткізу қорытындылары туралы жергілікті атқарушы органдардың есептерін тыңдау;
6) конкурс лауреаттарын салтанатты түрде марапаттау рәсімін ұйымдастыру және өткізу.
7. Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабар бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жылсайын 15 мамырдан кешіктірілмей жарияланады.
8. Конкурс екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана).
9. Жергілікті атқарушы органдар облыстарда, қалаларда, аудандарда мүдделі мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар, қоғам қайраткерлері мен өткен жылдардағы конкурс лауреаттарыарасынан конкурстың жеңімпаздарын анықтау бойынша комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады, сондай-ақ ол туралы ережені, іріктеу өлшем шарттарын және конкурсты өткізу форматынбекітеді.
10. Осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойыншаконкурсқа қатысуға өтінім аудандық (қалалық) комиссияға жылсайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жарияланған күннен бастап бір ай ішінде, қағаз немесе электрондық нұсқада мынадай құжаттармен қоса беріледі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жекебасын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туутуралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергіліктіуәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі біржетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенінкуәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары(кемінде екеу);
7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;
9) 2 минуттан аспайтын видеоролик (отбасын таныстыру)
10) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.
Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін отбасылар ұсынған түп нұсқалар негізінде аудандық (қалалық) комиссияның төрағасы куәландырады.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, аудандық (қалалық) комиссия өтінім берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды конкурсқа қатысуға ниет білдіргенотбасына қайтарады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасы ұсынылған құжаттар қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішіндепысықталған өтінімді қайта береді.
11. Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған отбасылар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
12. Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
13. Ұйымдастырушылар:
1) барлық отбасыларға тең жағдайды және оларды іріктеудің ашықтығын;
2) жеке құпия болып табылатын ақпараттың жасырынболуын;
3) конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің олар ресмижарияланатын күннен бұрын таралып кетпеуін қамтамасыз етеді.
14. Аудандық (қалалық) комиссия конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталған кезден бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде алынған ақпаратты жан-жақты тексеруді жүзеге асырады, іріктеу жүргізеді және екі отбасыныайқындайды, одан кейін екі жұмыс күні ішінде аудандар(қалалар) әкімдерімен келісілген өз шешімдерін конкурстық құжаттармен бірге облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) комиссияларға жібереді.
15. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялар аудандық (қалалық) комиссияларданқұжаттарды алған кезден бастап он бес жұмыс күнінен аспайтынмерзімде қажет болған жағдайда ұсынылған құжаттарға қосымша тексеруді жүзеге асырады, іріктеу жүргізеді және жеңімпаз біротбасын айқындайды, одан кейін екі жұмыс күні ішіндеоблыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) әкімдерімен келісілген өз шешімдерін конкурстық құжаттармен бірге ұйымдастыру комитетіне жібереді.
16. Комиссиялар үздік отбасыларды айқындау туралы шешімқабылдау кезінде мынадай өлшемшарттарды басшылыққа алады:
1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы (отбасытарихы визит карточкасы – таныстыру рәсімі);
2) отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер;
3) отбасының рухани-адамгершілік кұндылықтары;
4) балаларының және немерелерінің жетістіктері (бар болса);
5) ата-аналарының үлгі тұтарлық жетістіктері;
6) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны – бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтың өкілдері);
7) отбасының дарындары;
8) отбасының тұрмыс салты (саламатты өмір салты, бос уақыты);
9) қоғамдық-пайдалы қызметке (волонтерлікке, қайырымдылыққа, меценаттыққа) қатысуы;
10) жетім балаларға қамқоршылық, тәлімгерлік.
17. Комиссияның әрбір мүшесі отбасыларды балдық жүйе бойынша бағалайды (1-ден 10-ға дейін).
Өлшем шарттардың бірі бойынша ақпарат болмаған жағдайда, аталған өлшемшарт бағаланбайды.
Балдардың жалпы саны тең болған жағдайда, түпкілікті шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
18. Мүдделер қақтығысы орын алған жағдайда, комиссия мүшесі бұл туралы комиссияны хабардар етеді және дауыс берудіөткізуге жіберілмейді.
19. Комиссиялардың отырыстары жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн-трансляция режиміндеөткізіледі.
20. Ұйымдастыру комитеті облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) комиссиялардан құжаттарды алған кезденбастап он жұмыс күні ішінде жеңімпаз отбасылар туралыбағдарламалар циклін дайындау үшін материалдарды мемлекеттікақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырманыорындайтын заңды тұлғаға жібереді.
21. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі.
22. Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімін жыл сайынұйымдастыру комитеті Отбасы күні қарсаңында салтанатты түрде диплом және ерекшелік белгісін (мүсінше) тапсыра отырыпөткізеді.
23. Конкурсқа қатысушылар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ конкурстыұйымдастырушылардың интернет-ресурстарындаорналастырылады.
24. Конкурс лауреаты атағы қайталап берілмейді.
Версия для печати