8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Мамыр 2020 1263 0
Қоғам

МЕРДІГЕРЛЕР ЕСКЕРТУДІ ЕЛЕМЕГЕН

Бүгін жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары «Ақжайық-адалдық аланы» жобалық офисімен, АМТ, қоғам және БАҚ өкілдерімен бірлесіп Ә. Молдағұлова көшесін күрделі жөндеу объектісінде (бас мердігер – «Бірлік»ЖШС) мониторинг жүргізді.

Атап айтқанда, өткен жылғы ескертулерді жою бойынша жұмыстар барысына мониторинг жүргізілді.

Мердігер бұған дейін анықталып, ескертілген ақауларды әлі күнге дейін жоймаған. Атап айтқанда, мердігер кепілдік міндеттемелер шеңберінде жол төсемінің жоғарғы қабатын ауыстыруы тиіс болатын, оның орнына объектіде тек шұңқырларды жөндеу жұмыстары басталды.

Аталған ескертулер бойынша «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалы тапсырыс берушіге тиісті хат жібереді.

Осы жобаның міндеттерінің бірі белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам мүшелерімен өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысын қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
77 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
72 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
121 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»