МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР СМАРТФОН АРҚЫЛЫ ҚОЛЖЕТІМДІ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халықтың цифрлық сауатын арттыру бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінде азаматтарға электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуды оқытатын цифрлық ХҚКО еліміздің барлық облысында ашылған. Бұған қоса халыққа қызмет көрсету орталықтарында смартфон арқылы мемлекеттік қызметтерді алуды үйрететін аймақтар ашылып жатыр.
ХҚКО мамандары қызмет алушылардың телефондарына telegram мен Mgov қосымшаларын орнатуға көмектесіп, түрлі анықтамалар мен қызметтерді алу ретін түсіндіріп беруде.
Бүгінде Telegram қосымшасындағы Egovkzbot арқылы 25 қызмет қолжетімді. Жүйе іске қосылған сегіз айдың ішінде 140 мың адам оны қолданып үлгеріп, 160 мың түрлі анықтамаға өтініш берген. Мэссенджер қолданушылары 60 мың мекенжай, 20 мың соттылықтың болу/болмауы туралы анықтамаларды сұратқан. Өз кезегінде, Mgov қосымшасы арқылы 90 мемлекеттік қызметті онлайн тәртіпте алуға болады. Смартфон иелері бұл қосымшаны былтыр 1,3 млн рет жүктеп, 3,6 млн қызмет алған.
Онлайн болу – заман талабы. Қалтаңыздағы смартфон халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді жылдам алуға болады. Көрсетілетін электрондық қызметтер санының артуына байланысты Мемлекеттік корпорация халық арасында қызметтерді онлайн алуды үйрететін шаралар өткізіп, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруда. Бұл қосымшаларды пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу міндетті. Оны ХҚКО қызметкерлері жүзеге асырады. Тәртіп бойынша қызмет алушының жеке сәйкестендіру нөмірі мен ұялы телефоны байланыстырылып, базаға енгізілуі тиіс.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін электронды үкімет порталын өз бетінше пайдалану дағдыларын 8 миллион қазақстандық игерген. Оған қоса, Мемлекеттік корпорация мамандары жергілікті әкімдіктердің 3,5 қызметкеріне egov.kz порталын пайдалануды үйретіп, олар өзге 686 мың азаматты оқытқан. Бұдан бөлек, мемлекеттік корпорация қызметкерлері апта сайын емхана, әскери бөлім, жоғары оқу орындары мен өзге де мекемелерге барып, қосымшаларды пайдалану ретін үйретіп отырады.
Анықтама: Бүгінде тізілімдегі 742 мемлекеттік қызметтің 531-сы электрондық пішімде қолжетімді. Жыл өткен сайын электрондық жолмен көрсетілетін қызмет саны өсіп отырады, 2020 жылы оның үлесі 90% құрауы тиіс. Айта кетейік, бүгінде халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейі 77% жетті. 2022 жылға қарай оны 83% дейін арттыру көзделген.
«Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ
баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу