Мемлекеттік сатып алу шарттары мен міндеттемелерді орындаудағы даулардың себептері
Электронды сатып алулар саласының өркендеуіне байланысты сатып алулардың ашықтығы ұлғайды.

Бүгінгі күнге сатып алуға қатысушы әрбір әлеуетті өнім беруші өзіне бәсекелеспен қатар конкурстық комиссияның барлық шешімдерімен таныса алады. Алайда, конкурстық комиссиялардың шешімдері, барлық мемлекеттік сатып алуға қатысушыларды қанағаттандыра алмайды, бұл өз кезегінде әлеуетті өнім берушілердің уәкiлеттi органға немесе сотқа шағымданудың ұлғаюына әкеліп соғады.
Шағымдардың басым бөлігі әлеуетті өнім берушілерді заңсыз конкурсқа жіберу немесе әлеуетті өнім берушілердің баға ұсынымына әсер ететін өлшемшарттардың дұрыс қолданбауы және жеңімпаздарды айқындау тұрғысында. Сонымен қатар өнім берушімен, тапсырыс беруші тарапынан мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға байланысты шағымдар саны төмендемей отыр.
Шағымдардың туындауы себептерінің бірден бірі сатып алудың қорытындылары бойынша жеңімпаз болып танылған жеткізушімен, тапсырыс берушілердің көңіл аудармаушылықтарынан орын алуда.
Мысал ретінде кейбір қателерге тоқталсақ:
- веб-порталда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаны қалыптастыруда тапсырыс беруші тауардың нақты сипаттамаларын көрсетпейді –яғни цифрлық құлыбымен жанбайтын сейф қабырғасының қалыңдығы 6 см тағысын тағыларды көрсетіп сейфтің биіктігін көрсетпейді нәтижесінде үлкен сейфтің орнына сипаттамалары сәйкес кіші сейф алады;
- веб-порталда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаны қалыптастыруда тапсырыс беруші сатып алатын қызметтің көлемін және сипаттамасын, атап айтқанда сценалық костюмдерді тігу санын ғана көрсетіп сатып алатын костюмдердің мөлшерін, ерлер/әйелдер, нақты костюм (европалық, ұлттық) қандай болуы керек екендігін айқындап жазбауы нәтижесінде, сатып алуға тиесілі тауарлар әкелінбейді;
- Өнім беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру шарттары дұрыс оқымайды немесе оқып түсінбейді, салдарында өнім беруші басқа тауар әкеледі немесе оған тауар жеткізу мен қызмет көрсету тиімсіз болады;
- Өнiм берушiнiң баға ұсынысын ұсынғанда 2500 теңгенің орнына 250 теңге көрсетуі тағы басқалар.
Департаментке келіп түскен шағымдардың басым бөлігі жеткізушілер (өнім беруші) тарапынан мемлекеттік сатып алу шарттық міндеттемелерін орындамауы бөлігінде орын алуда.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 7 бабында азаматтық құқықтар мен мiндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерiнен пайда болады, өзгереді және тоқтатылады, өйткенi, осы әрекеттер азаматтық заңнамада көзделмегенiмен, олардың жалпы бастаулары мен мәнiне байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туындататыны аталған.
Ал, Азаматтық кодексінің 9 бабында азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелiк, заңнамалық актілерінде көзделген өзге де тәсілдермен жүзеге асыратыны көзделген.
Жоғарыдағыларға сәйкес, шарттық міндеттерді орындау барысындағы тараптар арасындағы туындаған даулар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен реттеледі және соттармен қаралатынын ескерген жөн.
В.Пак, ҚР ҚМ ІМАК-нің Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшы орынбасары
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу