8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Желтоқсан 2019 1300 0
Қоғам

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫНДА ЖАСЫРЫН ЖЫМҚЫРУ КӨП

                Жыл сайын бюджеттен мемлекеттік сатып алуға бюджеттен ауқымды қаражат бөлінеді. БҚО мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарына 2018-2019 жылдары 235 млрд. астам теңге бөлінген. Алайда елімізде мемлекеттік сатып алу саласы сыбайлас жемқорлыққа бейім салалардың бірі саналады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  БҚО департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Самет баяндады.

Нұрдәулет Ілиясұлының айтуынша, өңірімізге сапарында Президентіміз мемлекеттік сатып алу саласында жемқорлықтың өршіп тұрғанын және ұлттық қауіпсіздігімізге қатер туғызатынын айтып, халық қаражатын тиімсіз пайдалану және жымқырумен байланысты құқық бұзушылық жасаған тұлғалар қатаң жазаланатынын айтқан. Мемлекеттік сатып алудың негізгі процедураларының автоматтандырылғанына қарамастан, бұл салада жымқырудың жасырын түрі – бір көзден сатып алу арқылы мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылып отыр. Осылайша, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу процедурасына тең дәрежеде қатысуына және өнім берушілер арасында бәсекелестікке мүмкіндіктер берілмейді.

Ағымдағы жылы БҚО мемлекеттік кәсіпорындарымен 13 234 757 367 сомасына 87 091 сатып алу жүргізілген, оның ішінде 7 357 896 642 теңге сомасына 76 804-і немесе 88,2 пайызы бір көзден сатып алу тәсілімен тікелей шарт жасасқан. Үстіміздегі жылы мемлекеттік мекемелермен 130 066 763 643 сомасына 112 325 сатып алу жүргізілген. 2018-2019 жылдары мемлекеттік мекемелермен және кәсіпорындармен 232 017 533 887 сомасына сатып алу жүзеге асырылған, оның ішінде бір көзден тікелей шарт жасасып алынғаны 89 272 338 871 теңге. Ішкі мемлекеттік аудит органдарының мәліметінше, үстіміздегі жылдың тоғыз айында мемлекеттік аудит нысандарында камералды бақылау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға анықталған бұзушылықтар туралы 791 хабарлама жолданған. Өткен жылдан бері департаментпен мемлекеттік сатып алу саласында 54 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелсе, бұл көрсеткіш барлық анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының 27 пайызын құрайды. Сотқа 41 қылмыстық іс жолданып, 10 тұлға сотталған. Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залалдың жалпы сомасы – 475,8 млн. теңгені құрайды, оның ішінде қайтарылғаны 231,7 млн. теңге. Мысалы, биылғы жылдың үшінші желтоқсан күні Бөрлі аудандық сотының үкімімен «Бөрлі ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Д.Агедиловке Ақсай қаласында тұрғын үй жалдауға бөлінген, сондай-ақ мемлекеттік мекеме үшін тауар-материалдық құндылықтарды алуға қарастырылған 2 779 000 теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін үш жыл бас бостандығынан айыру және өмір бойы мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан айыру түрінде жаза тағайындалған. Сонымен қатар, бірдей тауарлар мен қызметтерді алу үшін әртүрлі баға тағайындау тәжірибесін де айта кеткен жөн. Қазталов ауылындағы 600 орындық мектеп құрылысына 2 349 267,06 мың теңге бөлінсе, 900 орындық Орал қаласындағы №51 мектеп құрылысы үшін 1 850 768,33 мың теңге бөлінген. Оның ішінде абаттандыруға бөлінген қаражат  арасында 93 млн. теңгеге айырмашылық бар.

– «Жайықжылуқуат» АҚ АИ-92 маркалы жанармайдың 1 литрін 138,4 теңгеден сатып алса, Бөрлі әкімі аппараты осындай жанармайды 129,46 теңгеден сатып алған. Төтенше жағдайлар департаменті осындай жанармайды 151,79 теңгеден сатып алған. Осындай жағдай кеңсе тауарларын сатып алуда да кездесіп отыр. «Жайықжылуқуат» АҚ бір бума қағазды 1230 теңгеден сатып алса, полиция департаменті қағаздың бір бумасына 1071,43 теңге жұмсаған. Сатып алынатын тауарлардың бағасын өсіріп көрсету орын алып отырады. Мысалы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ бейнепроекторды 218 200 теңгеден сатып алғанымен, мұндай тауарды қазақстандық компаниялардың интернет дүкендерінен 153 000 теңгеге сатып алуға болады. Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат кешені сатып алынатын сандық фотокамераның техникалық сипаттамасында оны шығарушы фирмасының атауын көрсеткен, – деген Нұрдәулет Ілиясұлы бұл жағдайдың бірнеше себеп-салдары бар екенін ашып айтты. Яғни ашықтық пен жариялылықтың жоқтығы, мемлекеттік сатып алу саласында қоғамдық бақылаудың болмауы негізгі себеп. Осыған байланысты азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, мемлекеттік сатып алу саласында жемқорлық деңгейін төмендету, бизнес субъектілеріне әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында Мемлекеттік сатып алудың мониторингі жобасы әзірленген. Жоба мақсаты – сатып алуы жоспарлау, сатып алу туралы хабарландыруды жариялау, тапсырыстарды қарау кезеңінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен  қызметтердің бағасын өсіріп сату және басқа да қолданыстағы заңнаманы бұзу фактілерінің анықтау және алдын алу. Жоба мемлекеттік сатып алу саласында іске асырылады және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың барлық қызмет ету саласына қатысты болады. Жоба ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стартегияның іске асырылуына сыртқы талдау жүргізу бойынша Арнайы мониторингтік тобы мүшелерімен және қоғам өкілдерімен бірлесе іске асырылады. Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бағасын анықтау үшін отандық және шетелдік өнім берушілердің бірдей тауарлар бағасы, құрылыс нормалары мен ережелері, жұмыстар мен қызметтерге бағалар жинағы пайдаланылады. Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, соның ішінде күдік туғызатын баға ауытқушылығы болған кезде Департамент қызметкері мемлекеттік сатып алуға тапсырыс берушіге барлық анықталған фактілерді, тауарлардың рыноктағы бағасын көрсете отырып, басшылықпен келісілген ұсынысты жолдайды.  Бұл ұсыныс сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бағасын қайта қарап, құжаттаманы дұрыстау үшін жолданады. Басқа да заңбұзушылықтар анықталған кезде осындай әрекет жасалады. Тапсырыс беруші ұсынысты негізсіз орындамаған жағдайда Департамент мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органға шара қолдануы үшін хат жолдайды. Аталған фактілерді Жобаның басқа да қатысушылары анықтаған жағдайда, олар мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың сақталуын бақылау бойынша уәкілетті органға, тапсырыс берушіге, мемлекеттік бағдарлама әкімшісіне немесе құқық қорғау органдарына жүгіне алады. Арнайы мониторингтік топ мүшелері мен қоғам өкілдерін оқыту қажет жағдайда Департамент қызметкерлерімен жүзеге асырылады.

Оқыту семинар-тренинг, дәріс ретінде мемлекеттік сатып алу саласы мамандары шақырылып өткізіледі. Осы орайда департамент өкілі барлық қоғам өкілдерін аталған Жобаны іске асыруға белсенді атсалысуға шақырды.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
103 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
158 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
398 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
880 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1258 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1154 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1617 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2233 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2398 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2405 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2456 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2461 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2069 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2941 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2994 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2988 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3601 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3570 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3560 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3536 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3696 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»