Мемлекет басшысы бірқатар елшіні ауыстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов ҚР Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов ҚР Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне, Дәурен Айтбайұлы Кәріпов ҚР Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне, Айдарбек Ануарбекұлы Тұматов ҚР Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды», – делінген Ақорданың баспасөз хабарламасында.Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің Жарлықтарымен Үсен Әбдіқадырұлы Сүлеймен ҚР Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, ҚР Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан, Болат Тұрарұлы Нүсіпов ҚР Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Азамат Рахманқұлұлы Бердібай ҚР Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, ҚР Ирак Республикасындағы, Ливан Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу