МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ КҮРЕСІ, АСЫҚ АТУ МЕН ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ МІНДЕТТІ САБАҚТАР ҚАТАРЫНА ЕНЕДІ
Елімізде орта мектептерде «қазақ күресі», «тоғызқұмалақ», «асық ату» бойынша міндетті сабақ өткізу әдістемесі әзірлеп жатыр. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына орай ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

«Бүгінде спорт секциялармен шамамен 1,4 млн бала немесе мектеп жасындағы балалардың жалпы санының (3,5 млн) 40 пайызы, оның ішінде 422 мыңнан бастам бала мектептен тыс ұйымдарда қамтылған. Бұқаралық спортты дамыту аясында спорт инфрақұрылымын, оның ішінде ауылды жерлерде дамытуға баса назар аударылып отыр. Мәселен, 2023 жылға дейін шамамен 159 ауыл мектебін спорт залмен қамтамасыз ету жоспарланған», – деді Асқар Мамин.
Үкімет басшысының атап өтуінше, Білім және ғылым министрлігі дене шынықтыру мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жұмысын жолға қойған. Өткен жылы 447 дене шынықтыру мұғалімі біліктілік арттыру курсынан өтті. Ал биыл 2 мыңнан астам педагогты қайта даярлау көзделіп отыр. Сонымен қатар 2021 жылдың қаңтарынан сабақтан тыс спорт үйірмелерін өткізгені үшін дене шынықтыру мұғалімдеріне базалық лауазымдық жалақының 100 пайызы мөлшерінде үстемеақы төлеу енгізілді. Үстемеақы дене шынықтыру мұғалімдерін білім беру ұйымдарында секциялар ашуға ынталандыратын болады.
«Балалардың денсаулығы мен тәлім-тәрбиесіне ұлттық спорт түрлерінен сабақ өткізу де оң әсерін тигізбек. Қазіргі уақытта Мәдениет және спорт министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі «қазақ күресі», «тоғызқұмалақ», «асық атуды» алдағы уақытта дене шынықтыру бойынша мектеп бағдарламасына қосу және міндетті сабақ ретінде өтізу үшін әдістеме әзірлеп жатыр», – деді Премьер-Министр.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу