8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Тамыз 2019 2538 0
Қоғам

МЕКТЕПТЕР ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫН

               Облыс бойынша 30 мың баланы қамтыған  507 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар, оның 446-сы  мемлекеттік және 61-і  жеке. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен барлық  мектепке дейінгі ұйымдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орта білім беру жүйесіне келетін болсақ,  облыста алдағы оқу жылында 379 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беру мектептерінде 100 мыңнан астам оқушы білім алады деп күтілуде.  Білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы туралы  өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Гумарова баяндады.  

                                                                                     

                                                                            13 мың бала 1 сыныпқа барады

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, жаңа оқу жылында белгіленген кестеге сәйкес 4, 9, 10 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнына көшеді, мектептер тиісті бағдарламалар мен оқу жоспарларымен қамтамасыз етілген, мұғалімдер біліктілік арттыру курстарынан өтті. Тұрғындардың көшіп-қонуы және оқушылар контингентінің білім беру мекемелер желісінің нормативіне сәйкес келмеу себептерінен екі бастауыш мектептің жабылуы күтілуде (Жәнібек ауданы Еңбекші, Ақжайық ауданы Коловертное бастауыш мектептері). Екі негізгі мектептің бастауыш мектеп болып қайта құрылуы жоспарлануда (Тасқала ауданы Ынтымақ негізгі мектебі, Теректі ауданы Таран негізгі мектебі). Болжам бойынша 1 сыныпқа 13 мыңнан астам  (2018-2019 оқу жылы – 12857), мектепалды даярлық сыныптарына 11 мыңнан астам бала қабылданады.

                                                                                Үш мектеп күрделі жөнделеді

Республикада бірнеше жыл қатарынан «Мектепке жол» акциясы өтіп келеді.  Биылғы жылы акцияның 10 тамыздағы жағдайы бойынша әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасының 4 693 баласына 28 млн. 634  мың теңгеге, соның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен 2 354 балаға 13 млн. 829 мың теңгеге қаржылай және материалдық көмек көрсетілген.           Ағымдағы  жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен үш мектептің күрделі жөндеуіне қаржы бөлінді (Ақжайық ауданы Чапай аулындағы №1 орта мектеп, Тасқала ауданы Тасқала ауылындағы С.Жақсығұлов және Қ.Сәтпаев атындағы жалпы орта мектептері), сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен екі мектеп күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті (Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №5 орта мектебі, Теректі ауданы Ақсуат орта мектебі). Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары жүруде, ағымдағы жылдың қараша айында аяқталады. Бұл мектептерде күрделі жөндеу аяқталғанға дейін оқу процесі осы ауылдағы білім беру мекемелерінде жүргізіледі.

                                                                                                                              Бес мектеп үш ауысымда оқиды

Жаңа оқу жылында Орал қаласының бес мектебі үш ауысымда оқиды деп күтілуде (№10, 18, 20, 47 және  эстетикалық бағыттағы гимназия). Облыста жеті апаттық жағдайдағы мектеп бар (Орал қаласының №31, 33 орта мектептері, Ақжайық ауданы Абай атындағы гимназиясы және М.Өтемісов атындағы орта мектеп,  Қазталов ауданы А.Оразбаева атындағы орта мектеп, Сарықұдық негізгі мектебі, дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектебі). Мектептердің апаттылығын және үш ауысымдылықты жою мақсатында ағымдағы жылы республикалық бюджеттен үш мектептің құрылысын бастау үшін 3,2 млрд. теңге бөлінген (Ақжайық ауданы Чапай ауылында 100 орындық интернатымен 300 орындық мектеп – 1,0 млрд. теңге, Казталов ауданы Казталов ауылында 600 орындық мектеп – 1,2 млрд.теңге, Орал қаласы №51 мектеп – 1,0 млрд.теңге). Облыс әкімдігімен екі мектептің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп ҚР Білім және ғылым министрлігіне екі мектептің құрылысын бастауға қаржы бөлуге бюджеттік өтінім жолданған.

Қосымша жалпы сомасы бес мектептің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалар жасақталуда (Орал қаласындағы 400 орындық №31 мектеп, 900 орындық №53 мектеп, 300 орындық №18 мектеп, 600 орындық эстетикалық бағыттағы гимназия, Ақжайық ауданы Атамекен ауылында 108 орындық мектеп, Қазталов ауданы Сарықұдық ауылында 60 орындық мектеп).

                                                                                                                               45 мұғалім жетіспейді

Мемлекеттік мектептерде 12 мыңнан астам мұғалім қызмет атқарады.  45 педагогқа қажеттілік бар. Орыс тілді  бастауыш сынып мұғалімі – 10, ұлттық мектепте орыс тілі және әдебиеті мұғалімі – 25, математика – 10. Кадрларға қажеттілік жас мамандарды қабылдау арқылы шешілетін болады.  2019 жылы кезең-кезеңмен жаңартылған білім мазмұнына көшу  бойынша әзірленген 4, 9, 10-сынып оқулықтары мен оқу әдістемелік кешендер, мектеп алд

                                                                                                                            352 мектепте ыстық тамақ беріледі

Жаңа оқу  жылында  облыс бойынша  352 мектепте ыстық тамақ ұйымдастырылып, онда 72930 оқушы ыстық тамақпен қамтылады деп жоспарлануда. Соның ішінде тегін ыстық тамақпен оқушылардың 75,6%-ы (55174 оқушы) қамтылса, аз қамтылған отбасының балаларының 99,7%-ы (14843) және  1-4 сынып оқушыларының 99,4%-ы (45543) тегін ыстық тамақпен қамтылады.

Тасымалдауды талап ететін 149  елдімекенде мектеп жасындағы 1296 бала тұрады. Олардың  тасымалдауды қажет ететін 993-і күнделікті тасымалмен қамтамасыз етілді, 303 бала мектеп жанындағы интернаттарда тұрады. Оқушыларды тасымалдауға арналған автокөлік саны 54 бірлікті құрайды. Облыс бойынша 18 мыңнан астам контингентімен  36 колледж бар. Жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыспен қабылдау жоспары 3,5 мың орын. Барлық колледждерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 19 кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында  жатақхана бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
85 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
149 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
384 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
866 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1244 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1145 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1603 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2219 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2384 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2391 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2442 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2447 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2060 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2926 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2980 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2974 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3587 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3555 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3546 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3522 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3682 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»