МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАДЫ
Батыс Қазақстан облысында «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Баланы мектепке дайындайық» акциясы басталды.

Акция Батыс Қазақстан облыстық филиалы мен «Jas Оtan» Жастар қанатының ұйымдастыруымен өтті. Шара барысында «Балаларға базарлық» тегін үйірмелер орталығы бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, Мишка тедди мен өрмекші адам аз қамтылған және көпбалалы отбасыларын ан шыққан 137 мектеп оқушысына сыйлықтар табыстады.
– «Баланы мектепке дайындайық» акциясы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында дәстүрлі іс-шараға айналды. Бұл игі істің басты мақсаты – балаларды мектепке дайындауға мүмкіндігі келмейтін көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмектесу. Жалпы елімізде «Nur Otan» партиясының бастамасымен атқарылып жатқан игі істер жеткілікті. Соның ең басты бағыты білімді, білікті ұрпақ тәрбиелеу, – деп атап өтті «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев.
Шара барысында «Балаларға базарлық» балалар мерекесін ұйымдастыру орталығы бүлдіршіндердің көңілін сергітіп, жиналғандар «Қажымұқан» анимациялық фильмін бірге тамашалады.
Ерлік ШАМҒАЛИ, «Jas Оtan» ЖҚ облыстық филиалының менеджері

Соңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу