8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Ақпан 2020 1120 0
Қалалықтар қаперіне

МЕКЕНЖАЙ БОЙЫНША ӘР ТӨРТІНШІ ТІРКЕУ EGOV.KZ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН

Қазақстандықтар мекенжай бойынша тұрақты тіркеуге тұру үшін ХҚО-ның онлайн баламасы – egov.kz таңдай бастады. Былтырғы көрсеткіштерді есепке алатын болсақ, ХҚО арқылы 1,5 млн адам, онлайн түрде 479 мың адам тіркеу рәсімін жүзеге асырған, сәйкесінше әр төртінші азамат тұрғылықты тіркеу рәсімін электронды түрде жүргізген.

Аймақтық бөліністе қарайтын болсақ, мекенжай бойынша тіркеуге онлайн тұрушылар үлесі Нұр-Сұлтан қаласында көп – 91 мың адам, одан кейін Қарағанды (39 мың) мен Павлодар (23 мың) облыстары. Бұл ретте, ең төменгі көрсеткіш Атырау облысына тиесілі (6 мың адам). Батыс Қазақстан облысында электронды үкімет порталында 10 мыңға жуық адам тіркелді.

«Электронды жаңашылдықтарды құп көретін азаматтардың саны өскені қуантады. Онлайн түрде тіркеуге тұру – уақытты үнемдеп қана қоймай, «Прописканы» сататын делдалдардың жұмысына да тосқауыл болады», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Биылғы жылдың қаңтар айындағы көрсеткіш бойынша онлайн түрде мекенжей тіркеуіне тұрушылар саны біршама өскен.Бұл қызметті алу үшін 184 мың адам ХҚО-ға жүгінсе, 63 мың азамат ешқайда бармай-ақ онлайн түрде жүзеге асырған.

Бүгінде мекенжай тіркеуін жасату үшін тіркеуге қоюшы және тіркелуші тараптың ЭЦҚ-сы болуы тиіс. Азамат egov.kz-ке тіркелетін мекенжай мен жеке мәліметтерін жазса, баспана иесі оған рұқсатты жеке кабинетіне келген сұрауды мақұлдау арқылы береді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
61 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
114 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
89 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»