8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қаңтар 2019 2594 0
Қалалықтар қаперіне

МЕЙІРІМДІЛІКПЕН БІРЛІККЕ!

Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында берген тапсырмасы мен Қазақстан Республикасының «Қайырымдылық туралы» Заңына сәйкес елде қайырымдылықты дамытуға қолдау көрсетуде.

2015 жылдан бастап жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қайырымдылық керуені» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыруда. Акция аясында мұқтаж адамдарға әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді. 2018 жылдың қорытындысында меценаттық және қайырымдылық қызметін дамытуға үлес қосқаны үшін Батыс Қазақстан облысынан төрт меценат пен қайырымдылық жасаушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісімен марапатталды.

Биыл дәстүрлі «Қайырымдылық керуені» акциясы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» Жолдауы және Жастар жылы аясында «Мейірімділікпен бірлікке!» ұранымен өз жалғасын табады.

Сонымен қатар қайырымдылықты ынталандыру мен жүйелеу мақсатында Қазақстан халқының салт-дәстүрлері, Қазақсан Республикасының мемлекеттік мерекелерін ескере отырып, 2019 жылға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық шараларының күнтізбесі жасалған. Бұл қайырымдылыққа мақсатты, жүйелі және атаулы сипат береді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
15 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
88 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
67 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
78 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
148 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»