Медицина қызметкерлері 1 қазанға дейін салық пен төлемдерден босатылды

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті медицина қызметкерлерінің еңбекақы төлеу қорынан әлеуметтік төлемдер мен салық төлеуден босату түрінде медицина қызметкерлерін қолдаудың шараларын қабылдады.
Мұндай шаралар ҚР Үкіметінің «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысымен көзделген. Жеке аурухана ұйымдарының, шипажай -курорттық ұйымдардың қызметін жүзеге асыратын жеке дәрігерлік практика мен стоматология саласындағы шағын, кіші немесе орта кәсіпкерлік субъектілері үшін мөлшерлемелерге (ҚР ҮҚ 1т.) «0» түзету коэффициенті белгіленді:
– төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан;
– әлеуметтік салықтан;
– міндетті зейнетақы жарналарынан, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан;
– әлеуметтік аударымдардан;
– міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдардан.
Жоғарыда көрсетілген салықтық босатулар төлем кезеңі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейін болатын міндеттемелер бойынша қолданылады.
Ұйымның меншік нысанына қарамастан, барлық медициналық қызметкерлер үшін сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген салықтардан (ЖТС, әлеуметтік салық) және әлеуметтік төлемдерден, Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № 28/2020 (ҚР ҮҚ 4т.) бұйрығына сәйкес 2020 жылғы 1 наурыздан бастап төленетін эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын қызметкерлерге үстемеақыдан (МЗЖ, МКЗЖ, ӘА, МӘМС-ға аударымдар) босату шаралары көзделген.
Елдегі төтенше жағдайға байланысты «Bіrgemiz» қоғамдық қоры тарапынан халықтың аз қорғалған әлеуметтік көмекке аса мұқтаж тобына көмек көрсетілуде.
«Bіrgemiz» қоғамдық қорынан жеке тұлғалардың жекелеген санатына әлеуметтік көмек ретінде көрсеткен 647 АЕК шегіндегі қайырымдылық көмегі төлем көзінен жеке табыс салығынан ұсталмайды. Мұндай салықтан босатуға Салық кодексінің 1-бабының 20),38)-тармақшалары мен 341- баптың 34) тармақшасы негіз болады.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша келесі сілтемелерді пайдалануға кеңес береміз:
https://www.facebook.com/kgd.gov.kz
https://www.instagram.com/press_kyzmet_kgd
https://dialog.egov.kz/blogs/32783/welcome
Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер органдарының байланыс телефондары мен электрондық мекенжайларының тізімі Комитеттің ресми порталында http://kgd.gov.kz/kk/content/konsultaciya-ushin-telefondardyn-tizimi-1 сілтемесі бойынша орналастырылған.
Сонымен қатар, ҚР ҚМ МКК байланыс орталығына хабарласа аласыз:
WhatsApp +7 775 848 67 97
WhatsApp +7 776 136 41 32
WhatsApp +7 705 559 12 33
WhatsApp +7 705 559 12 39
WhatsApp +7 707 860 92 08
WhatsApp +7 701 789 87 38
WhatsApp +7 701 575 84 44
WhatsApp +7 747 364 58 31
e-mail: Contact-center-kgd@mail.ru
zakon.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу