МЕДИЦИНА ҰЙЫМДАРЫНА 13 МЛРД. ТЕҢГЕ ТӨЛЕНДІ
Медициналық сақтандыру Қоры Батыс Қазақстан облысы бойынша жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 13 млрд.теңге көлемінде қаражат төледі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін 13 млрд.теңге көлемінде қаражат төледі. Қаржы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) шеңберінде бөлінді.
«2019 жылдың мамырындағы мәліметтер бойынша, Қормен Батыс Қазақстан облысы бойынша келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға – медициналық ұйымдарға 13 млрд теңге төленді. Бұл жалпы кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде БҚО бойынша бекітілген келісімшарт сомасының 40 % пайызын құрайды», – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» БҚО филиалының директоры Нұржамал Жумагулова.
2019 жылы МСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 32,4 теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 6,5 пайызға артық.
«Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», – деді Нұржамал Жумагулова
Биылғы жылы мемлекеттік тапсырысты БҚО бойынша 51 медицина ұйымы орындайды. Оның ішінде 15 жеке меншік клиника да бар.
Естеріңізге сала кетсек, МСҚ 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ БҚО филиалы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу