Масаң күйдегі жүргізуші – ҚЫЛМЫСКЕР!
Жыл басынан бірқатар қасақана қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша жауапкершілік күшейтілді. Атап айтқанда, көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын жүргізгені үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша жаза ұлғайтылды.
Абайсызда көлік құралдарының, жүктердің, жол құрылыстарының және өзге де құрылыстардың зақымдануына әкеп соққан немесе адам денсаулығына жеңіл зиян келтірген әрекеттер үшін көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Егер адам абайсызда денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтірілсе, қылмыскерге бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қатерін төндіреді; егер ауыр зиян алты жылдан сегіз жылға дейін, егер адам өлімі жеті жылдан тоғыз жылға дейін, егер екі және одан да көп адамның өлімі сегіз жылдан 10 жылға дейін және барлық жағдайларда, өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айыру қарастырылған.
Алайда жазаның айтарлықтай ұлғаюына қарамастан, жекелеген жеңіл ойлы азаматтар жол қозғалысының басқа қатысушылары мен жалпы қоғам үшін үлкен қауіп төндіре отырып, мас күйінде автокөлік басқаруды ақылсыз әрі ұқыпсыз жалғастырады.
Мәселен, бұрын сотты болған Ақтөбе облысының тұрғыны көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғандығына қарамастан, алкогольдік масаң күйінде (орта дәрежелі), Ақсай қаласында көлік құралын жүргізіп мейрамхана ғимаратының бүлінуіне жол берген.
Сот оны ҚР ҚК-нің 346-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған көлік құралдарын жүргізу құқығынан өмір бойына айыра отырып, қауіпсіздік жағдайы орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.
Осыған ұқсас, 29.04.2020 жылы Бөрлі ауданының соты Ақсай қаласының тұрғыны көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойы айырып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жүргізушілер ішімдік ішіп көлік басқаруға жол берген жағдайда, бас бостандығынан, отбасы мен жұмысынан айрылып, қатаң жаза алды.
Бөрлі ауданының прокуратурасы масаң күйде көлік жүргізуден бас тартуға және жолдағы қауіпсіздік жол қозғалысының барлық қатысушыларына байланысты екенін әрқашан есте сақтауға шақырады.
Версия для печати
Пікір үстеу