МАС КҮЙДЕ КӨЛІК ЖҮРГІЗГЕН 51 АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ
20 күнге таяу уақыттың ішінде 51 оралдық азамат мас күйде көлік жүргізгені үшін ұсталған.

2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің кейбір баптарына өзгерістер енгізілді. Соның бірі – мас күйінде көлік тізгіндегендерге қатысты. Биылдан бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасына алынады және 7 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылады. Ішімдік ішкен күйі қайтадан көлік жүргізгендер 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынады және тағы 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. Ал масаң күйінде абайсызда адам денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірсе, 1000 АЕК мөлшеріне дейінгі айыппұлмен немесе 1 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады. Оған қоса, 10 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылады.
11 қаңтардан бүгінгі күнге дейін Орал қаласы бойынша ҚР ӘҚБТК-тің 608-бабымен 51 көлік жүргізушісі Орал қ.ПБ-ның арнайы қабылдау орынына жеткізілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 346 -бабымен бұған дейін көлік жүргізу құқынан айырылып, мас күйінде көлік жүргізген 13 тұлға басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу