Мас күйде көлік басқарған азамат ұсталды
Орал қаласы Полиция басқармасы патрульді батальон қызметкерлері «1000 ұсақ-түйек» базарының маңынан «Опель Вектра» маркілі көлікті тоқтатқан болатын. 1970 жылғы көлік жүргізушісінің «Орта деңгейде» мас күйде болғаны белгілі болды. Сондай-ақ оның үш жылға көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Бірақ, куәліксіз көлік рөліне отырудан сескенбеген екен. Енді ол Қылмыстық Кодекстің 346-бабы 1-тармағына сай жауапқа тартылатын болады.

Аталған баптың бірінші тармағында көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе)уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беруі белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жыл мерзiмге айыра отырып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланатыны көрсетілген.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі заң қатал болса да, мас күйде көлік рөліне отыратындар азаймай отырғанын айтады. Олар тіптен айыппұлдан да, жүргізушілік куәліктен айырылып қалудан және қылмыстық жауапкершілікке тартылудан да қорықпайтын болған.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу