8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Маусым 2024 3085 0
Мезгіл мәселесі

Малдың да киесі бар!

Бүгін, қасиетті Құрбан айттың алғашқы күні! Оралдықтар да таңертеңнен бір Аллаға сыйынып, бір қара малды құрбандыққа шалуға асықты. Соның бірі – өзіммін.


Жыл сайынғы дәстүр бойынша бұл жолы «Ел ырысына» бардым. Бірақ мал соятын орынның ластығын көріп, жағамды ұстадым. Ертеңгісін тап осы базарда жантүршігерлік оқиға болса, болғандай екен.

«Ел ырысының» мал бауыздайтын арнайы жерінде ешқандай санитарлық талап сақталмаған! Құрбан шалушылар да көп. Өңірдегі бір-екі имам осында жүр. Талап пен тәртіптің жоқтығын көрсе де көрмегендей. Аталмыш базардың бас дәрігерлері де мешіттің өкілдеріне ескерту жасаған соң төбе көрсетті. Өздерінше қасапшыларға ескерткен сыңай танытты. Алайда, ештеңе өзгере қоймады.

Сауда қыза түсті. Базардың ауласы мал тиеген көлікке толы. Құны 40, 50, 70,80 тіпті, 150 теңгеге қымбаттаған төрт түлікті жер-жерден әкеліпті. Оны қойшы! Қақы қанша тұрса да, Құдайға құлшылық ету, Айттан-айтқа аман жету, барға шүкірлік ету – әр мұсылман баласының парызы іспеттес. Отбасыңның амандығы үшін жылына бір келетін Құрбан айттан кім аянған?! «Садақа – сауап! Аллаға құлшылық – имандылық» деп, құрбанға шалатын малды тап-таза, суы мол жерде союды әке – шешем бала күнімде жадыма тоқыған.  Алайда «Ел ырысындағы» жағдай, шашыраған қан, бірінің мал бауыздайтын тақтайын екіншісі аяғымен таптап жатқан қасапшы ренішімді туғызды. Жерде көзі аларып жатқан қойдың басы!

Ашылмаған ішек-қарын мен сирақ ысырапшыл, астамшыл, аяушылық пен мейірімділіктен алыстап кеткенімізді дәлелдегендей. Тіпті, тікеңнен тік тұратын жер жоқ!

Айтпағым, төрт аяғы тыпырлап лас жерде жан тапсырғалы жатқан малдың киесі бар емес пе?! Аталмыш базарда жалаңаш тақтайға төсейтін қатты қағаз, мешок жоқ па еді?! (Мұндай салақтыққа дәтім шыдамай, оқушы баладан сары пакеттің бірнешеуін сатып алып, сойғалы жатқан қойдың астына төсеттірдім.)

Екіншіден, тиісті ұйымдар мал союдың тәртібін, тазалық мәселесін қасапшыларға ескертіп, тіпті, кіреберіске жазып қою керек еді.

Үшіншіден, кім ақ адал ақшасына сатып алған малын лас жерге сойғысы келеді?! Обал-сауап қайда?!

Мал сойсақ болғаны дегендей, көк тасты бояп тастаған қызыл қанды тәпішкілерімен басып тұрған жұрттың есебі жоқ! Бәрі тазалықтың жоғын көріп тұр. Бірақ та үндемейді.
Сонымен, «Ел ырысындағы» бүгінгі жағдайға мына суреттер куә! Көптен күткен Құрбан айтымыздың базардағы бүгінгі сыйқы осы!
Мұндай көріністі көріп тұрып, көңіл шыдамайды! Айтпасаң, ішке сыймайды!
Жауапты мекемелер бұдан нәтиже шығаратын шығар? Алда әлі айттың екі күні бар! Тым болмаса, мешіттің имамдары қасапшылардан малды адал союды, қолдарын әлсін-әлсін жууды, тазалыққа мән беруді ескертсе етті?! Әншейінде, «обал – сауап» туралы сайрайды ғой.

Мира ХАМЗАҚЫЗЫ,
«Жайық Үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
126 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
167 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
412 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
894 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1271 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1163 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1630 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2247 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2412 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2419 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2470 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2475 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2078 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2954 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3007 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3001 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3616 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3583 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3574 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3549 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3710 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»