8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Мамыр 2020 1405 0
Қоғам

МАЙДАНГЕРЛЕР ЕСІМІН КЕСТЕЛЕДІ

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Кестелі орамал» акциясын ұйымдастырды. Мектеп мұғалімдері, оқушылары мен олардың ата-аналары өздерінің аталары мен әжелері – соғыс және тыл ардагерлерінің есімдерін кестелеп жазды.

 

Акцияға қатысушылардың арасында ағайынды Әли мен Мерей Есенгелдиндер де бар. Олардың арғы аталары Байшыған Бектұрлиев қазақтардың арасында Сусаниннің ерлігін қайталаған жалғыз адам болып тарихта қалған.

– 1944 жылдың көктемі жаудың беті қайтып жатса да, Герман армиясының шпиондық орталықтары кеңес тылында арандату жұмыстарын жүргізіп отырды. Сондай оқиғалардың бірінде Жылыой ауданына түсірілген жау десанты жол көрсету үшін жылқы фермасының басқарушысы Байшыған Бектұрлиевті күштеп алып кетеді. Ол қанша азапқа түссе де, сабыры мен бағыт-бағдарын жоғалтпай, жау отрядын жергілікті органдардың қолына  түсіреді. Біздің атамыз Кострома облысындағы  И.Сусанин музейінде «елу үшінші Сусанин» болып тіркелген, – дейді Оралдағы Зияткерлік мектептің 12-сынып оқушысы Әли Есенгелдин.

Сонымен қатар  қазір барлық Зияткерлік мектепте «Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз!» мерейтойлық марафоны басталды. Патриоттық жоба аясында оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар өз отбасыларының тарихын майданнан келген хаттар мен альбомдар, сонымен қатар соғыс мен тыл ардагерлерінің естеліктері арқылы ұсынуда.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
74 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
366 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
386 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
363 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
404 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»