8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Мамыр 2020 1348 0
Қоғам

Майдангер үшін қос мерейтой

Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Болтановтың туған күні. Жеңістің 75 жылдық мерейтойымен қатар майдангер мерейлі 95 жасын атап өтпек. Орал қаласында жеке үйде тұратын қарияны қос мерейлі мерекесі қарсаңында «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорының жетекшісі Айболат Құрымбаев бастаған оралдық еріктілер қуантып, ауласын абаттандырып, қақпасын сырлап берді.

Бүгінде Иван Иванович Оралда жеке үйде тұрады. Қыздарының өз үй-жайлары бар, кезектесіп қарайласады екен. Сонымен қатар еріктілер, полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдері де ардагердің жиі көрісетін жанашыр қонақтары. Жуырда «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорының жетекшісі Айболат Құрымбаев өзі бастама көтеріп, әлеуметтік желіде майдангердің ауласын тазалау туралы қала тұрғындарына үндеу тастаған болатын. Қала әкімдігі, шаһардағы лактау-сырлау материалдары сауда үйлері қолдау көрсетіп, қажетті жабдықтарды ұсынды. Игі істен қаланың азаматтары да сырт қалмай, ардагердің үйіне келіп, ауланы тазалауға, ағаштарды сәндеп қиып,түбін қопсытып, әктеуге, ауланың қоршауын сырлау жұмыстарына үлес қосты. Көшенің де күл-қоқысын тазартты. Ертемен білек сыбана іске кіріскен қайырымды жандар «жұмыла көтерген жүк жеңіл» екенін тағы бір дәлелдеді. Әп-сәтте ауласының іші мен сырты жарқырай түскен қарияның да көңілі шаттанып, алғысын жаудырды.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Мақаланың толық нұсқасын «Жайық үні» газетінің 7 мамыр күнгі №17 санынан оқи аласыздар.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»