МАГИСТРАТУРА МЕН ДОКТОРАНТУРАҒА 15 МЫҢҒА ЖУЫҚ ГРАНТ БӨЛІНДІ
2021-2022 оқу жылында магистратураға түсу үшін 13 мыңнан астам грант, докторантураға – 1800-ден астам грант бөлінді.
Білім беру гранттары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне және жұмыс берушілердің сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпаратына сәйкес бөлінген.
Магистратурада оқуға гранттардың көп саны педагогикалық мамандықтар бойынша қарастырылған – 3 642 грант. Инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына – 3429, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика бағыты бойынша – 1278, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша – 1233, ауыл шаруашылығы және биоресурстар бойынша – 527 грант бөлінді.
Естеріңізге сала кетейік, магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуден өтуге ниет білдірушілерді тіркеу 18 маусымда басталып, 15 шілдеге дейін жалғасады. Емтихан 20 шілдеде басталады.
Талапкерлерге ыңғайлы болу үшін біз тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда апелляцияға беру жүйесін өзгерттік. Ол электрондық форматта өтеді. Енді талапкер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде бірден апелляцияға өтініш бере алады, – деп хабарлады ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Докторантура бойынша 2021-2022 оқу жылында 1890 білім беру гранты бөлінді.
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 446, педагогикалық ғылымдар – 370, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 292, өнер және гуманитарлық ғылымдар – 205.
Естеріңізге сала кетейік, докторантураға өтініш қабылдау жүргізіліп жатыр. Қабылдау емтиханы алғаш рет тестілеу орталықтары базасында электрондық форматта өтеді.
Мұндай формат өткен жылы магистратураға түсу емтихандарын тапсыру кезінде енгізілген болатын. Бұл академиялық адалдықты және емтихан тапсыру рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған формат Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу кезінде де өзін дәлелдей білді. Өйткені әрбір компьютер бейнекамерамен жабдықталған. Бұл әрбір талапкерді байқауға мүмкіндік береді, осылайша емтихан тапсыру рәсімінің және жалпы қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етеді, – деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/227118?directionId=272&lang=kk
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу