8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Наурыз 2021 2288 0
Қоғам

Мақсот БЕРГЕН: «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА БЕЙІМ»

 

Бүгін, 18 наурыз күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы «Парасат жолы» орталығында өткен кездесуде медицина, білім салаларындағы түйткілді мәселелерді көтерді. Қоғамда парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған «Парасат жолы» жобасы аясында өткен жиынға өңірге жұмыс сапарымен келген республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы Сәдібек Түгел және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов және зиялы қауым өкілдері қатысты.

 

  –   Әлеумет үшін аса  өзекті салаға назар аудартқым келеді –  бұл медицина. Біріншісі, медициналық сақтандыру туралы болмақ. Өздеріңізге мәлім, осыдан 20 шақты жыл бұрын елімізде Медициналық сақтандыру қоры болды. Қор басшылығы ақшаны жинап, мұхит асып қашып кетті. Енді тағы құрылды. Әр азамат үшін 2,  1,5, 1 пайыздан ақша аударылып, қорға миллиардтаған ақша түсіп жатыр. Ауыр жұмыс жасап жүрген мейіргерлердің, санитарлық қызметкерлердің алатын жалақысы – 50 мың теңге. Ал сол қорда отырғандар олардан бірнеше еселенген мөлшерде алады, тіпті  4 адам жалпы есебі 19 млн. теңге сыйақы алғаны туралы ақпарат бар. Тағы бір мәселе – фармацияға қатысты. Бұрын дәріханаларды тексеру – ескертусіз, күтілмеген жағдайда жүргізілетін. Қазір заңға сай бір ай бұрын ескерту жіберіледі. Бұл – жемқорлыққа жасалып отырған мүмкіндік, – деген Мақсот Берген медицина саласы бойынша мамандардың оқытылуы, аттестация, аккредитациядан өтудегі талаптарға қатысты  мәселелерді қозғады.

Жиында республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы Сәдібек Түгел  өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысты 100-ден аса қылмыстық іс ашылғанын және аоардың қатарында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен «СК-Фармация» ЖШС басшылығына қатысты істердің қозғалғанын да атап өтті.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»