8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2017 2261 0
Қоғам

Мақпал ЖҮНІСОВА: «Жолдарыңыз жасалып жатыр екен…»

Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, мақпал үнді Мақпал ЖҮНІСОВА да республикалық «Қазақконцерт» ұжымымен бірге «Сәлем саған, Ақжайық» атты концертте төбе көрсеткен-тұғын. Қашанда ашық-жарқын мінезімен, орынды әзілімен халықты  баурап алатын Мақпал ханым бұл жолы да «Нұр Отанның» ғимаратындағы үлкен зал толы  оралдықтармен  емірене амандасып, «Бұл жолы сахнаға екі рет шықпаймын. Сосын да мынау жылтыр көйлегімді киіп тұрғаным» деп жұртшылықты ду күлдіртті. Сосын үкілі домбырасымен тамаша әндерін төгілтті.  «Қолға көп түсе бермейтін қонақпен» тілдесіп қалайық деп,  дүлділдер мен бұлбұлдар сайраған сахнаның сыртына барып Мақпал апайға сәлем бердік.  Бұдан екі жыл бұрын, 2015-тің көгілдір көктемінде Оралға ат басын бұрып, аналар мейрамында әннен шашу шашқан атақты әнші әлі сол қаз-қалпында екен. Тағы да кешкі сегіздегі кезекті концертіне қамдана отырып, өтінішімізді жерге тастамай сұрағымызға асығыстау жауап қатты.    

– Мақпал апай,  аудандарға барып келіпсіз ғой. 
–  Иә. Тасқалада, сосын Ақсайда, осы маңдағы Переметный деген ауылда  болдым. Он күн болды сапарлатып жүргенімізге. Баяғыда совхоз директорлары жас әншілерді шақырып алып халықпен кездестіретін. Күніне 5-6 концерт қойып, шопандардың үйлерін аралап, дала төсін әнге бөлейтінбіз. «Гүлдер» ансамблімен де талай ауыл-аймаққа барып, өнер көрсеттік. Қазір әншілер өз бетімен ел аралайды. Сол күндерді халық та сағынып қалыпты. Бірімізден соң біріміз сахнаға шыққан сайын әсерленіп, алақандары қызарғанша қол шапалақтап, мерейімізді өсірді. Біз де шынайы жүрегімізден ән айттық. Халықтың ақ батасын алдық. Бұл, Тәуелсіз еліміздің 25 жылдығына арналған «Сәлем Қазақстан!»  деген бағдарлама бойынша еліміздің тойына қосып отырған үлесіміз деп білемін. Сондықтан әріптестерім секілді менің де көңіл-күйім әйбат. Аудан әкімдері қош алып, шәйін беріп, қошеметтеді. Көйлегім көк, көңілім тоқ! Ел-жұрттың батасынан артық бізге мерекенің керегі жоқ қой…

– Соңғы кезде репертуарыңыз жаңарды ма?
– Орал мен Атырау жаққа келгесін   ақиық ақын Мұқағалидың «Фариза қызын» жиі айтып кеттім. Сұрақты да осыған тұспалдап қойып тұрсың-ау, ә? (күліп жіберді). Бұған дейінгі концерттің  бағдарламасы мүлдем басқаша болды.

– Соңғы кезде Гүлнұр сіңліңізге қосылып әлеуметтік желілерді біраз шулаттыңыз. «Гүлнұр Оразымбетова гүлмен келсе де  кешірмеді. Мақпал кекшіл ме еді»  деген ой көптің көкейінде қалған сыңайлы. Ақыр соңы немен тынды?
–  Осы әңгімені неге айта бересіңдер? (Жақтырмаған сыңаймен мұрнын тыржитты). Біріншіден, ол маған гүл берген жоқ. Ол Семейдің премьерасына гүлін құшақтап кеп тұрды да, әр жақтан басқа әңгіме айтты. Беретін болса, қолындағы гүлін бірден беру керек еді ғой.  Гүлнұр өз білместігін жасады ғой. Одан кейін арнайы збәндап кешірім сұрады. Мен кешірімін қабыл алдым. Бірақ, ол жерде маған түк гүл берген жоқ. Оған: «мына жерде неге әңгіме жасап тұрсың, сосын…» деген едім. Тап, сол бойда теледидарға түсіріп алыпты «қолын бір сермеді» деп! Олай болмайды ғой. Ойбай, нем бар онда… Гүлнұр кім, мен кім?! Сонымен бұл әңгіме жабылды.
–  Мерейіңізді фейзбуктан көрдік. Шет тілінде таңдайы тақылдап отыр, тіфә, тіфә!
– Рахмет. Қызым тілді терең меңгеріп алды. Қазір сегізінші класты бітіргелі жүр. Өзі дін аман. Арасында менімен бірге сахнаға шығып әнін де шырқап қояды. Білімге құлшынған  ақылды бала ғой, менің Мерейім!
–  Жаңа концертте көрермен қауым гүлдерін ұстап, сізді қуантуға асықты. Сағира Жүнісова деген жерлесіміз шағын сыйлығын да ұсынып үлгерді. Осындай сый-құрметке бөлеген оралдықтарға деген тілегіңізді  естісек. 
– Бәріне шын жүрегіммен рахметімді айтамын өз атымнан және сахнада жүрген достарымның атынан. Халықтың қуанғанын, сағынып көріскенін көріп төбеміз көкке жеткендей болды. Баршасына ризамын. Айтпақшы, жолдарыңыз жөнделіп жатыр екен. Ара-қатынасқа керегі тақтайдай тегіс  жол ғой. Кейбір қисық жолдардың қайтадан жөнделіп жатқанын көріп, іштей қуандым. Демек, алдағы уақытта аудандарға шаршамай барып, концертімізді қойып қайтамыз.  Облыстағы аудан әкімдері шетінен инабатты екен. Кекірейген емес. Қарапайым. Бізді бөлмей-жармай, шәй-пәйін беріп, тым жақсы қарсы алды. Бір ауыз жылы сөз айтса, бізге сол жетіп жатыр ғой. Әйтпесе, аш жүрген ешкім жоқ. Аллаға шүкірміз.  Бұдан бұрын көрші жатқан Атырау облысына да барған едік. Көптеген аудандарын аралап, концерт бердік. Қазір  Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты көптен білемін.  Бүгінде  Батыс Қазақстан облысын басқарып отырған Алтай Сейдірұлы Көлгіновті де жақсы қырынан, жаңа қырынан танып-білдім.  Аудандарға барғанымда ел-жұрт та «жас басшының жақсылығын айтып, нұрын тасытты». Алтынбек Қоразбаев аға бастаған «Қазақконцерт» ұжымының бір топ әртістерін  Батыс Қазақстан облысына қош алып, қарапайым халықпен көрістірді. Концертті халықпен бірге тамашалап, жерлестері атынан ықылас гүлін сыйлады. Өнерді бағалайтын, елдің бүгіні мен ертеңін ойлайтын, ұлттың рухын көтеретін Алтай мырзадай азаматтар аман жүрсін. Көріскенше күніміз нұрлы болсын. Дәм бұйырса, Оралға тағы келермін.
– Тығыз-таяң уақытта біраз ойыңызды ақтарып салдыңыз, Мақпал апа. Ендеше, сіз де сау-саламат болыңыз.  
Сұқбаттасқан Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА, суретке түсірген Дәурен ТӨЛЕУТАЕВ      

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
127 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
167 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
412 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
894 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1271 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1163 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1630 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2247 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2412 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2419 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2470 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2475 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2078 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2954 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3007 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3001 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3616 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3583 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3574 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3549 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3710 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»