Мәжіліс төтенше жағдай кезінде мемлекеттік басқарудың жұмыс механизмін белгілейтін заң жобасын мақұлдады
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік басқарудың жұмыс істеу механизмін белгілейтін заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжат «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы Мемлекет басшысының Жарлығын орындау мақсатында әзірленді. Заң жобасының мақсаты әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін төтенше жағдай кезеңінде жедел шаралар қабылдау мүмкіндігі болып саналады.
Заң жобасы бойынша қосымша баяндама жасаған Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильяновтың айтуынша, қаралып отырған құжат төтенше жағдай кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін, ҚР-ның Конституциялық құрылысын қорғауды қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдау мақсатында әзірленді.
«Заң жобасымен ҚР төтенше жағдайлар туралы және құқықтық актілер туралы Заңдарына өзгерістер енгізу көзделеді. Аталған Заңдар әлеуметтік-экономикалық салада төтенше жағдай енгізу кезінде қолданылатын негізгі шаралар мен уақытша шектеулер бойынша нормалармен толықтырылып отыр. Осыған орай ҚР Президентінің нормативтік-құқықтық актілері негізінде әлеуметтік-экономикалық салаларда белгілі бір мерзімге заңнаманың қолданылу ерекшеліктері белгіленуі мүмкін. Олар елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтауға және төтенше жағдайлардың теріс салдарының алдын алуға мүмкіндік береді», – деді Мәжіліс депутаты.
Құжат төтенше жағдай кезеңінде заңнаманың жекелеген салаларының қолданылу ерекшеліктерімен толықтырылады. Заң жобасында оларға 14 сала жатқызылады: салықтық, бюджеттік, кеден, банктік, еңбек, монополияға қарсы заңнама; денсаулық, мемлекеттік сатып алу, валюталық реттеу туралы заңнама; әлеуметтік қорғау, мемлекеттік мүлік, мемлекеттік бақылау және қадағалау саласында; сондай-ақ елдің халықаралық міндеттемелерін іске асыру.
Заң жобасын Мәжіліс депутаттары толықтай қолдады. Құжат Сенатқа жолданады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу