Мәжіліс депутаты ардагерлермен кездесті
Аймақтарда іссапармен жүрген Мәжіліс депутаттары аға буын өкілдерімен кездесті. Еңбек ардагерлері өздерін толғандырған түрлі әлеуметтік мәселелерді көтерді.
Екінші дүниежүзілік соғыстың зұлматын көрген қариялар енді мұндай сұмдық қайталанбауы үшін жас ұрпаққа бейбіт өмірдің қадірін түсіндірген маңызды дейді. Бұл үшін қыршын қиылған боздақтардың ерлігі туралы насихатты күшейткен жөн. Тарихтағы орны ерек оқиғаларды ел жадында ұдайы жаңғыртып тұру керек, дейді ардагерлер.
Осы орайда өңір басшысы Нариман Төреғалиев ақсақал арадагерлерге зор денсаулық тіледі. «Ақжайық әйелдері» клубының құрметті төрағасы Роза Көжекова соғыста қаза болған қыз-келіншектер туралы жинақты жаңғырту керек деген пікір айтты.
– Соғысқа қатысқан оралдық қыз-келіншектердің ерлігі туралы кітап ертеректе шығарылған еді. Енді соны жаңартып, қайтадан басып шығарғымыз келеді. Сонда аға буынның үлгілі ісін жас ұрпаққа насихаттауға үлкен өнеге болар еді. Бүгінгі жиында осындай өтінішімді айттым, енді айтқан сөзіміз жерде қалмай көмектессе екен деймін,- деді «Ақжайық әйелдері» клубының құрметті төрағасы Роза Көжекова.
Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов өткен айда Президент қабылдауында болып бірнеш мәселе көтергенін айтты.
– Сол қабылдауда болғанда 6-7 мәселе көтердім. Мынау ардагерлер туралы заңға да халқымыз үші, ұлтымыз үшін керек мәселелерді кіргізу керектігі жөнінде ойымды айттым. Оны да біз болашақта қарайтын боламыз. Жалпы біздің мақсатымыз осы аймақтардағы адамдардың сұрақтары, ұсыныстары, қандай қиыншылықтары бар, солардың барылғын сөйлесіп көру үшін келдік,- деді ҚР мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов.
Айнара ИСА
Версия для печати