МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ
Жұма күні Бөрлі ауданы, Ақсай қалалық мешітінде мұсылман баласы үшін шаттық пен қуаныш күні – Мәуліт мерекесі аталып өтті. Исламдағы пайғамбарлардың ең соңғысы әрі ең үстемі Мұхаммедтің туған күні рабиғәл-әууәл айының 12-інші жұлдызында тойланады. Бөрлілік жамағат жиналған мешіт үйінде пайғамбарымыз еске алынып, мәуліт оқылып, сансыз салауаттар айтылды.

Қасиетті жұмада Хазрет Сұлтан мешітінің ұстазы, РАТТ мүшесі Мақсатбек Қайырғалиев Ақсай қалалық мешітінің жамағатымен кездесіп, «Шынайы достық» тақырыбында уағыз-насихат айтты. РАНТ мүшесі М.Қайырғалиев: «Адам баласы дос таңдауда өзінің иманын күшейтіп, дінді үнемі есіне салатын адамды таңдаса, ол адам баласының бұл өмірде де, ахиреттеде пайдасына болады. Бұл турасында адамзаттың асыл тәжі болған ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінде: «Жақсы дос жалғыздықтан жақсы, ал жалғыздық жаман достан жақсы», «Әрбір адам жолдасының дінінде болады. Сондықтан да сендердің әрбірің кіммен жолдас екендігіне қарасын»(Әбу Һурайра), деп шынайы достықтың алар орны ерекше екенін атап көрсеткен. Ал қасиетті Құранда Алла Тағала: «Арақ ішу, құмар ойыны және басқа да Алланы еске алудан алыстататын күнәлі істер жолындағы достық ақиретте опық жегізеді.», «Достардың тақуаларынан басқалары сол күні (Қиямет күні) бір-біріне дұшпан болады»[ Зухруф сүресі, 67-аят], «(Қиямет күні залымдар былай дейді) Қап, әттеген-ай! Пәленшені дос тұтпаған болсам еді. Ол мен өзіме жеткен зікірден (Құраннан) алыстатты..» [Фұрқан сүресі, 28, 29-аяттар]делінген. Дос болған адам әрқашан бір-бірі үшін жаны ашып, қол ұшын беруге асығып тұруы керек. Бірақ достықтың шекарасынан шықпаған абзал» деп сөзін қорытындылады.
Иә, асыл дініміз Исламда достық қарым-қатынастарға аса терең мән мағына берілген. Адам өзін қоршаған ортамен, маңындағы адамдармен үнемі қарым қатынаста болатындығы айқын. Ал адам өмірінде достықтың орны бөлек. Доссыз адам болмайды. Достық адамды бір-біріне ашық болуға, адал болуға тәрбиелейтін қасиет. Достық адамдарды сенімділікке, өзара татулыққа, бірлікке жетелейді.
Іс-сапар барысында Хазрет Сұлтан мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев Бөрлі ауданының тұрғындарымен, діни теріс ағымдардан жапа шеккен азаматтармен, сонымен қатар Орал қалалық Тәжиден Батырұлы мешітініңде жамағатымен кездесті.



Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу