8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Тамыз 2023 54564 0
Мәслихат жаршысы

Мәслихат депутаттары есеп береді

Бүгін, 7 тамыз күні Батыс Қазақстан облыстық Мәслихатының депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Сержан Идиятов партияның ғимаратында депутат ретінде алты айлық жұмыстың есебін берді.

Есеп беру сұрақ-жауап түрінде өтті. Партияның Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында тікелей эфир жүргізілді. Сержан Серікұлы «AMANAT» партиясының экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі Батыс Қазақстан қоғамдық кеңесінің атқарған жұмыстарын таныстырды. Депутат болып сайланғалы бері төрт айда 10 рет тұрғындармен кездесу өткізген. Сумен қамтасыз ету жұмыстарының шамамен 45 пайызы жүзеге асқан. Оралдық жолаушылардың әуе тасымалы және авиабилет бағасына қатысты мәселелерді де қозғады.

Осылайша «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен ай сайын әлеуметтік желі және БАҚ өкілдері арқылы әр түрлі деңгейдегі Мәслихат депутаттарымен конференция өтіп тұратын болады. Бұл өз кезегінде «Ашықтық қағидатын» ұстануға септігін тигізеді.

Дәметкен САҒЫНБАЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
111 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
365 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»