МҮРДЕНІ БІР АЙ БОЙЫ КЕРЕУЕТТІҢ АСТЫНДА ЖАСЫРҒАН
Орал қаласында адам өлтірген 1961 жылғы азаматқа қатысты сот үкімі шықты. БҚО ауданаралық мамандандырылған сотының шешімімен Серікжан Әділов енді ол 10 жылын темір торда өткізбек.

Қанды оқиға биылғы жылдың 3 наурызында болған. Қылмыс жасады деп айыпталған С. Әділов қаламыздағы жеке компаниялардың бірінде күзетші болып жұмыс жасаған. Өзінің баспанасы болмағандықтан, күзет бөлмесінде тұрып келген. Марқұм оның танысы екен. Тұрғылықты үйі болмағандықтан ол да жұмыс орнында тұрған. Сот материалдарынан белігіл болғандай, екеуі жиі ішіп, жиі сөзге келетін болған.
Ал оқиға болған 3 наурыз сағат кешкі 20.00 шамасында олар әдеттегідей ішіп отырып, сөзге келіп қалған. Алдымен бөтелкелесі Әділовты ұрған. Одан кейін Әділов оған жұдырықпен қайтарған. Соққының қатты болғаны соншалық, ол талып қалған. Одан кейін Әділов оның үстіне отырып алып, басынан 20 шақты рет ұрып, өлтірген. Содан соң денені бөлмедегі кереуеттің астына жасырып, үстін көрпешемен жауып қойған. Қылмыс жасағанын қорыққандықтан ешкімге айтпай, үнсіз жүріпті. Арада 27 күн өткенде кәсіпорын жүргізушілерінің бірі кездейсоқ мүрдені тауып алған.
Сотта 58 жасар Әділов өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін білдірді.
Сот Әділовті Қылмыстық Кодекстің 99-бабына сәйкес қылмысқа кінәлі деп танып, 10 жыл бас бостандығынан шектеу туралы жаза тағайындады.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу