МӘМС жүйесін не күтіп тұр?
Денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселенің бірі – МӘМС. Елімізде 2 миллионнан астам адам жүйеден тыс қалып отыр. Даудың басты тақырыбына айналған жүйе тоқтай ма? Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова жауап берді.

Оның сөзінше, МӘМС тоқтамайды, бірақ жетіле түседі. Ол МӘМС әлемдік тәжірибеде қолданылып жүрген тиімді жүйе екенін айтты.
«МӘМС-ке қатыспаған адамдар кепілдендірілген медициналық көмекті алып жатыр. Ал жалпы МӘМС-тің өзі бойынша біз жұмысты бастадық. МӘМС жүйесі жұмыс істейтін шетелдерде азаматтарды іздеп шақырып, көмек сұрайды. Бізде азаматтар емханаларды өздері іздеп жүреді. Осындай проблемалар бар», – деді ол.
Cондай-ақ вице-премьер МӘМС жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне себеп болып отырған бірнеше проблеманы атады.
«Мемлекет басшысы кепілдендірілген сақтандыру пакеттерінен бір пакет жасау керек екенін айтты. Оны қазір бастаймыз. Екіншіден, тарифті көтеру мәселесін де қарастырамыз. Үшінші мәселе азаматтардың қатысуы жөнінде. Қазір қатысуға мүмкіндігі бар, еңбек табысы бар азаматтарды тарту бойынша жергілікті жерлерде жұмыстар басталды. Мүмкіндігі жоқ азаматтарды жергілікті атқарушы органдармен бірге қарастырамыз.
Естеріңізде болса, мемлекет басшысы «дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді қағазбастылықтан босатыңдар» деп айтқан. Бұрын әрбір мекеме 6 келісімшарт жасайтын еді, биылдан бастап оны бір мекеме бір келісімшарт жасайтындай еттік», – деді ол.
Бұған дейін үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылғанына бес жыл болса да әлі күнге дейін өзгеріс жоқ екенін айтқан еді.
Дереккөз: stan.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру