8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Тамыз 2022 1608 0
Медицина

МӘМС туралы өзекті сұрақтардың жауабы

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова тұрғындардың МӘМС туралы өзекті сұрақтарына жауап берді.
Егер тұрғын жұмыссыз, мәртебесі «сақтандырылмаған» болса, қай кезеңнен бастап төлеу керек? Егер бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеп жүрсек, МӘМС-ға төлемеуге бола ма?
Егер жеке тұлға жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде ресми тіркелмесе, онда мұндай тұлға өз бетімен төлеуші болып саналады және мұндай тұлға МӘМС-ке төлем жасалмаған уақыты үшін 3000 теңге көлемінде жарна төлеуі тиіс (бірақ, 12 айдан көп емес мерзімге). Дегенмен, егер адам 2022 жылдың қаңтар айында жұмыстан шығып қалса, 2022 жылдың қаңтардан бастап төлеуі керек. Яғни, өз бетімен төлеушілер жасаған төлем жұмыс беруші тарапынан аударылатын жарна мен төлемдер тоқтаған сәттен бастап тұрақты төленуі тиіс.
Бірыңғай жиынтық төлемде (БЖТ) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жарнасы да бар. БЖТ төлеушілер – жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға.
МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығына ие болу үшін БЖТ төлеушілер бірыңғай жиынтық төлемді медициналық көмек алудың алдында үш ай үзбей және соңғы ай үшін де төлеуі тиіс.
Есте сақтаныз, МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәртебесі осы ай үшін төлем болған жағдайда осы айға және айдың соңына дейін жарамды.
Егер науқас уақытша биыл ауруы бойынша мүгедектік алса, ал өткен 2020 жыл бойы МӘМС жүйесіне жарна аудармаса, оның мәртебесі «сақтандырылған» бола ма?
Жеңілдік санатын алған соң науқас МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесін алады, өткен мерзімдегі қарыздарына қарамастан. Әзірге науқастың жеңілдік мәртебесі бар кезде өткен мерзімдегі қарызы МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға кедергі болмайды. Ал егер науқастың жеңілдік мәртебесі алынып тасталса, онда оған жеңілдік мәртебесі бар кезінен бөлек мерзімдегі қарызын төлеуі керек (өз бетімен төлеуші ретінде).

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
113 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
88 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»