МӘМС: БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕДИЦИНА ҰЙЫМДАРЫНА 23,8 МЛРД.ТЕҢГЕ ТӨЛЕНДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы БҚО бойынша филиалы медицина ұйымдарына 23,8 млрд. теңге төледі.
2019 жылдың 8 айында облыстың медициналық ұйымдарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде халыққа көрсетілген қызметтер үшін аударылған қаражат көлемі 23,8 млрд. теңгені құрады.
Айта кету керек, МСҚ 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алумен айналысады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печати
Пікір үстеу