МӘМС: БҚО-ДА 51 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫММЕН КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ
Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова мәлім етті.
Медициналық сақтандыру қоры 2019 жылы халыққа тегін қызмет көрсететін денсаулық сақтау нысандарымен келісімшарт бекітуді аяқтады.
Келісімшарт бекіткен емханалар мен клиникалар Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде мемлекеттік тапсырысты орындамақ.
Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетінде қамтылған қызметтерді көрсететін жеткізуші-компанияларды аймақтық комиссия іріктейді. Комиссия құрамында Медициналық сақтандыру қоры, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, пациенттер мен денсаулық сақтау нысандарының мүддесін қорғайтын үкіметтік емес ұйымдардың және Медицина қызметкерлерінің кәсіподағы өкілдері бар.
2019 жылдың басында Әлеуетті жеткізушілер дерекқорына облыс бойынша 57 медицина ұйымы енген болатын. Оның 38-і немесе (66,6%-ы) – мемлекеттік, 19 немесе (33,4%-ы) – жеке меншік клиникалар. Яғни, мемлекеттік тапсырысты орындауға құлшыныс білдірген жеке меншік клиникалар саны өткен жылмен салыстырғанда 3-ке артып отыр.
Батыс Қазақстан облысы бойынша медициналық сақтандыру қорының филиалы 2019 жылдың қаңтар айында мемлекеттік тапсырысты алу туралы 51 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 15-і – жеке меншік клиникалар. Бұл көрсеткіш те 2018 жылмен салыстырғанда 2-ге артқан. Ал, медициналық көмек көрсететін жеткізуші-ұйымдармен бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 32 млрд 959 млн теңгені құрады (оның ішінде, мемлекеттік емханалармен – 30 млрд 402 млн теңгенің, жеке меншік клиникалармен – 2 млрд 557 млн теңгенің келісімшарты бекітілді).
Жеке меншік медицина ұйымдары стационарды алмастыратын көмек түрлерін көрсетуге белсенді түрде атсалысып жатыр. Биыл олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 2-ге көбейді.
Сонымен қатар, стационарлық көмек, емханалық-амбулаторлық көмек, ауылдық жерлердегі емханалық-амбулаторлық көмек, консультативтік-диагностикалық көмек, Қазіргі таңда жеке меншік клиникалар көрсететін медициналық көмек түрлері де көбейді.
Версия для печати
Пікір үстеу